Жағдайы ауыр: Теміртауда баланың үстіне темір қоршау құлап кетті
Теміртауда 12 жасар баланы балабақшаның металл қоршауы қағып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға туралы баланың анасы әлеуметтік желіде хабарлады.
Оның сөзінше, 1 шілдеде сағат 18:30-да жаттығуға бара жатқан бала балабақшаның жанынан өткен. Осы сәтте қатты желдің салдарынан оның үстіне қоршау құлаған. Темір құрылым бекітілмеген болып шықты.
“Менің балам өмір мен өлімнің арасында. Оның бас сүйегі сынған”, – деп нақтылады анасы.
Облыс полициясында тергеу шаралары жүргізіліп жатқаны нақтыланды.
“Аталған факті бойынша полицияда ҚР ҚК 277-бабы 1-бөлігі "тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады”, – деп нақтылады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінде.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
