Жағдайы ауыр: Ақтөбе облысындағы саябақта 10 жасар баланы тоқ соққан
Коллаж: Stan.kz
Ақтөбе облысындағы қалалық саябақтардың бірінде 10 жасар баланы тоқ соққан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға Шалқар қаласында орын алды. Кеңес Одағының Батыры Ідіріс Үргенішбаев ескерткішінің жанындағы алаңда бала жарықшамға шыққан. Сол сәтте оны тоқ соққан. Куәгерлер зардап шеккен балаға алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырды.
Алдымен мектеп оқушысы Шалқар қаласындағы аудандық ауруханаға жеткізілді.
Ол түні бойы реанимацияда жатып, бүгін санитариялық авиация арқылы облыс орталығына жеткізілді.
Жарақат алған баланың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.
Айта кету керек, ескерткіштің өзі мен оның маңындағы аумақ жақында абаттандырылған болатын.
Ресми мәлімет бойынша, бұл жұмыстарға биылдың басында 11,2 млн теңге бөлінген.
Абаттандыруға көгалдандыру, шатыр мен тіреу орнату, тротуар төсеу, ескерткішті жөндеу және жарықтандыруды орнату жұмыстары кірген.
Еске салсақ, осыған дейін Талдықорғанда Kaspi терминалын ұстаған баланы тоқ соққанын жазғанбыз.

"Мүгедектер мен аурулар саны артып келеді": Бір аптадан бері түтінге тұншығып отырған атыраулықтар дабыл қақты
