AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жағдай толықтай бақылауға алынды": Жамбыл облысының әкімі әскери қоймада болған жарылыс жайлы пікір білдірді

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев әскери қоймада болған жарылысқа байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“Қазіргі таңда Байзақ ауданындағы жағдай толықтай бақылауға алынды. Өңірдің төтенше жағдайлар, құқық қорғау және медицина саласының өкілдері барынша жұмылдырылды. Апат орын алған аумақтан эвакуацияланған тұрғындарға арналып, облыс орталығынан 400-ден астам жатын орын дайындалған. Қосымша 1000-ға жуық орын дайындау мүмкіндігі қарастырылған”, – деп жазды әкім Facebook-тегі парақшасында.

Оның айтуынша, эвакуацияланған тұрғындар керекті жабдықтармен қамтамасыз етілуде. 

“Жарылыс зардаптарын жою және эвакуацияланған тұрғындарды керек-жарақпен, ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Менің басшылығыммен құрылған жедел штаб барлық қажетті шараларды атқаруда. Зардап шеккендер Тараз қалалық және аудандық ауруханаларға жеткізіліп, медициналық көмектер көрсетілуде”, – деп қосты ол.

Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысында болған жарылыстан 66 адам зардап шеккені айтылған еді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр