Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жәбірленушілер процесті өткізуге белсенді түрде кедергі жасады". Белсенділер мен адвокат Ася Тулесованың соты қалай өткені жөнінде

Азаматтық белсенді Ася Тулесованың сот процесі аяқталды. Stan.kz тілшісі сот отырысы қалай және не себепті ұзақ өткені жөнінде, сондай ақ, құқық қорғау органдары тарапынан қандай кемшін тұстар болғандығы жайлы құқыққорғаушы Бахытжан Төреғожина мен адвокат Джохар Өтебековтың, белсенді Фариза Оспанның пікірін білді.

Адвокат Джохар Өтебековтың айтуынша, отырыстардың көптігі жәбірленушілер санының көптігіне байланысты  - олар алтау болған. Сондай ақ, жәбірленушілер процесті өткізуге белсенді түрде кедергі келтірген.

"Әрине, Ася әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілер жоқ. Қоғамдық ауырлық дәрежесі бойынша бұл құқық қорғау органы қызметкерлерінің қызметіне кедергі келтіру түріндегі әкімшілік құқық бұзушылық, бірақ мүлде зорлық-зомбылық емес", - дейді адвокат.

Сондай ақ, Джохар Өтебеков үкіммен келсіпейтіндігін, шағым түсіретіндерін жеткізді.

Құқыққорғаушы, "Ар.Рух.Хак" қоғамдық қорының жетекшісі Бахытжан Төреғожина сот процесі тағы да бір рет полиция, прокуратура, сот арасындағы ұжымдық ынтымақтастық қандай деңгейде екенін көрсетті дейді.

"Тергеу жіберген кемшіліктердің бәрі прокурор тарапынан бекітілген. Прокурор қатеге толы актіні оқыған соң, судья осындай ұятты айыптаудан кейін қорытындыға келудің орнына, керісінше прокуратура мен полицияның "артын" жапты", - дейді ол.

Айтуынша, мұндай ұжымдық ынтымақтастық пен жауапкершіліктің жоқтығы бұдан да үлкен қателіктерге алып келеді.

"Жазасыздық одан да үлкен жазасыздыққа әкеледі. Бұл, осы сот процесінен кейін жасалуы тиіс  ең маңызды қорытынды. Сондай ақ, Ася өзінің ұстамсыздығы үшін кешірім сұрағанына қарамастан, құқық қорғаушы ретінде оның әрекеті полиция қызметкері үшін сигнал болуы керек деп санаймын. Алайда, полиция қызметкерлері өздерін жеңімпаз деп санайды.

Құқықтық заңсыздықтан құрылған жүйе оларды ұстап бермеді, жазаламады, керісінше, полицияны жәбірленуші ретінде көрсетті. Шын мәнінде, бейбіт жиналыстарда азаматтарға  күш көрсету үнемі тіркеледі, көрініс табады. Зорлық-зомбылықты қолданатын кез келген санкцияланбаған іс-шараға полиция келеді, адамдарды ұстайды", - дейді Бахыт Төреғожина.

Айтуынша, бұл митингіге шығушылардың оларға көрсетілетін күш пен қысымға қарсы шыққан алғашқы жағдай. Бұдан әрі бұл тенденция дами түседі, себебі бейбіт азаматтармен бұлай істеуге болмайды.

"Асяның салмақты екенін байқауға болады. Егер Ася сияқты адамды өз-өзінен шығарса, бейбіт жиналыстарға баратын эмоционалды адамдарға не істемек керек? Менің ойымша, егер полиция митингшілерді күшпен ұстау туралы позицияларынан қайтпаса, алдағы уақытта митингке қатысушыларын қолдарын бұрап, оларды сүйреп апару сияқты өздеріне деген қатынасқа төзбейді. Бұдан әрі полиция митингке шығушыларды зорлық-зомбылықпен жазасыз ұстау болашақта проблемалық, тіпті мүмкін болмайды деген қорытынды жасауы керек. Себебі адамдар енді өздерімен бұлай қарым-қатынас жасауға мүмкіндік бермейді. Егер құқыққорғау органдары азаматтарды осылай қорқыттық десе, қатты қателескені", - дейді құқыққорғаушы.

Азаматтық белсенді Фариза Оспан бұл істі биліктің белсенділерге қысым көрсету тәсілі ретінде есептейтінін айтады.

"Ася ісі арқылы құқық қорғау органдары "бізге қарсы әрекет етіп, бір сөз айтыңдар осыдан", "полицияға қарсы тұрып көріңдер, қолдарыңнан ештеңе келмейді" деп тұрғандай, - дейді ол.

Айтуынша, бұл құқықбұзушылықтардың барлығы мына нәрсені көрсетеді: іс шешіліп қойғандай, Асяға қандай жаза қолданатынын біліп отырғандай көрінеді, демек түптеп келгенде сот "цирк" сияқты, дейді белсенді. 

"Бір қуантарлығы, азаматтық қоғамдастықтың біріккендігі. Арт-акциялар, желідердегі қолдау жазбалары. Әрқайсымыз Ася болып кеткендейміз, бұл істі тек Асяның жағдайы ретінде емес, жүрегіме жақын қабылдаймын. Тек жақын қарым-қатынаста болғандығымыздан емес, сол ұсталған күні өзінің емес, ол барлығымыздың бейбіт жиналыс өткізуге деген құқығымызды қорғады. Бұл құқық менің де, сіздің де, жалпы құқығымыз және Ася оны қорғады. Тыныш қана үйде отыра берудің орнына, ол митингке барды. Меніңше, ол бостандықта болуы тиіс. Оны қағылған бас киім үшін соттау - ессіздік", - дейді белсенді. 

Белсенді ретіндегі тәжірибем көп болмаса да, дәл осындай алты бірдей полиция қызметкерінің жәбірленуші болған жағдайды көрген жоқпын, дейді Фариза Оспан.

Айта кетейік, бүгін Медеу аудандық № 2 соты Тулесованы билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық жасағаны және қорлағаны үшін кінәлі деп таныды және 55 мың теңге сомасында 20 АЕК көлемінде айыппұл салды. Жасалған құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша оған 1,5 жылға бас бостандығын шектеу тағайындалды.

Талқылау