Жүктілік кезінде желінген жемістер болашақ сәбидің IQ-ін көтереді
Жүкті әйел неғұрлым жеміс-жидекті көп жесе, дүниеге келетін сәбиі соғұрлым ақылды болмақ. Мұны 688 сәбиді бақылаған Альберт университетінің ғалымдары анықтады.
Зерттеушілер әсер етуі мүмкін фактілерді назарға алған. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, жеміс-жидекті көп жеген аналардың балалары ерте дамып, бір жасқа дейінгі тестілеуден сәтті өткен. Ғалымдар олардың ой-санасының, қимыл-қозғалысының қаншалықты ширақ екенін анықтаған.
Күніне 6-7 порция жеміс жеген аналардың баласының IQ деңгейі өзгелердікіне қарағанда 6-7 пунктіге жоғары болған.
Мұнымен қатар, ғалымдар шыбын-шіркейлерге зерттеу жүргізген. Мамандардың айтуынша, адамның ми жұмысына қатысы бар гендердің 85%-ы шыбын-шіркейдің де генінде бар екен. Зерттеу нәтижесінде жеміс шырынымен қоректенген шыбын-шіркейдің “ұрпағы” әлдеқайда жақсы дамығаны анықталған.
Оқи отырыңыз:
Америкада баласынан бас тартқан анасы қызымен 80 жылдан соң кездесті
Атырауда жалғызбасты ана бес баламен мешітті паналап отыр
Анасы жетімдер үйіндегі балаларымен 8 жыл өткен соң табысты (фото)