Жүкті кезінде ішін жалаңаштаған Айнұр Ілиясова сынға қалды (фото)
Өткен жылдың соңында ана атанған актриса Айнұр Ілиясова жүктілігінің қалай өткенін әңгімелеп берді. Ол жеңіл босану үшін қандай қадамдарға барғанын айтты.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Айнұр желідегі парақшасына аяғы ауыр кезінде ішін жалаңаштап түскен суретін жүктеп қойды.
Айнұр алдымен екіқабат болып, содан кейін ғана тойының болғанын ашық айтты. Соған қарамастан, актриса жүктілігін алдын ала жоспарлағанын мойындап отыр.
«Алғашқы айларда ұшып-қонып жүрдім, жұмысымды істедім: концерттер, фототүсірілімдер мен түрлі іс-шараларға қатыстым. Токсикоз қатты болған жоқ, десе де иістерге шыдай алмадым. Тез ренжіп қалғыш әрі жылауық болдым.
Ал екінші триместрде біраз сабырлы бола түстім. Спортпен, анығында жүзумен және йогамен айналыстым. 4-5 айларда қызым екеуміз той машақаттарын бастан өткердік. Оның қаншалықты қиын екенін білесіздер. Сүйіктім екеуміз Балиде бал айын өткізіп келдік. Ұшуды да, басқа климатты да жақсы көтердім. 6-7 айдан бастап жүзу мен йогаға тұрақты түрде қатыстым», – деген Айнұр спортпен шұғылданудың оның жеңіл босануына көмектескенін айтты.
Болашақ аналар Айнұрға кеңесі үшін алғыс айтты. Дегенмен желідегілердің басым бөлігі актрисаның жалаңаш ішіне сын тақты.
Бір қызығы, Айнұрдың өзі сынға ұшырайтынын алдын ала білген сынды. Ол бөліскен суретін «не сурет мынау», «ойбай, ұят қайда», «ұялмайсыз ба» хэштегтерімен белгілеп қойды.
Жіберіп алмаңыз:
Арыстанбек Мұхамедиұлы: Рианнаны емес, Димашты таңдаймын
Мөлдір Әуелбекова жақын адамынан зәбір көргенін айтты
Жүрсін Ерман Елбасыға: Айтыс ақындарының арқасынан қағып қойсаңыздар
Димаштың концертіндегі журналистермен төбелескен күзетшілер жұмыстан қуылды