Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аяғы ауыр әйел күйеуінің өзін аяусыз тепкілеп тастайтынын айтып ашынды

Меруерт Алпамысқызы отбасылық өмірде көріп жүрген зорлық-зомбылықтары туралы айтып берді. Күйеуі жүктілігіне қарамастан, өлімші етіп сабайды екен. Соңғы кезде басынан жиі ұратын болған.

ұрыс

Бұл туралы «Үшбу хат» парақшасында жазылды.

Қазақстандық келіншек жүктілігіне қарамастан өлімші етіп сабайтын күйеуі туралы айтып берді. Тіпті, Меруерт Алпамысқызы (есімі өзгертілді) босанып жатып көз жұмуды армандап жүр екен. Ал ажырасу туралы ойлаудың реті келмейтінін айтты.

«Қазір тұрмыстамын. 6 айлық ұлым бар. Екіншісіне аяғым ауыр. Барлығы жақсы болғанымен, отбасылық өмірде бақытсызбын. Күйеуім мені мүлдем түсінбейді. Үнемі өзінікін дұрыс деп біледі. Үнсіз қалған кезі болмапты. Келісе алмаған сәттерде өлімші етіп сабайды. Өтініп сұрасам да, соңғы кезде басымнан ұруды шығарды. Мұны әдейі жасайтын сияқты. «Мені неге ұра бересің?» деп сұрасам, күледі. «Сен әлі ұрудың не екенін білмейсің?!» деп айтады.  Мен қатты шаршадым. Хатты жылап отырып жазудамын. Бәрінен бұрын менің жүктілігім туралы ойламайтынына таң қаламын. Ұрған соң, маған боғауыз сөздер айтып, басқа бөлмеге кетіп қалады.

Барлығына мені кінәлайды. Ата-енеммен бірге тұрамыз. Оларға жағымпаздана беруден де шаршадым. Дәл осындай таңдау жасағаным үшін өкінемін. Күйеуімді жақсы көрсем де, оның мұндай әрекеттеріне шыдау мүмкін болмай баражатыр. Мен жаспын. Отбасылық өмірімізде, әрине, жақсы сәттер де болды. Тіпті, баламды босанып жатып өліп кеткім келеді.Ажырасып балаларымды тірі жетім еткім келмейд. Мен де періште емеспін, кемшіліктерім бар. Бірақ, аяғымның ауыр екеніне қарамастан мені ұрып-соғып, боғауыз сөздер айтатыны жаныма батады. Оның әкесі де дәл осындай адам», – дейді Меруерт Алпамысқызы.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Бойжеткен талаптары шектен тыс көбейген намазхан жігітінен құтыла алмай жүр

Келіншек бала тумағаны үшін қол көтерген күйеуі туралы айтып берді

Келіншек күйеуіне “бұйырмаған” қыздық пердесін хирургиялық жолмен алдырмақ

Үш дипломы болса да, еден жуып жүрген бойжеткен назын айтты

Талқылау