Зейнетақы қорындағы ақшасын кімдер мерзімінен бұрын ала алады?
Зейнетақы қорындағы ақшасын кімдер мерзімінен бұрын ала алатыны белгілі болды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев онлайн-конференцияды айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі уақытта зейнетақы саласының реформалары талқыланып жатыр.
Оның айтуынша, жаңа реформалар зейнетақы қоры салымшыларының өз қаржыларын басқару мүмкіндіктерін арттырады.
Зейнетақы қорындағы ақшаны шешіп алу үшін онда жиналған қаржы белгіленген мөлшерге жеткілікті болуы керек.
«Жинақ сомасы жалақысына пара-пар болатын немесе одан артық тұлғалар қаржысын басқа мақсатқа жұмсай алады. Біздің мақсатымыз азаматтар жинаған қаржысын болашақта игілігіне пайдалануын қамтамасыз ету. Зейнетке шыққан адамда одан өзге табыс болмайды. Сондықтан, осы жинақтан басқаға сенуге болмайды», – деді Данияр Ақышев.
Егер зейнетақы қорынан шот ашқанына 20 жыл болып, ай салын аз көлемде ақша салса салымшы бірден барлық ақшаны шешіп ала алмайды.
Бірақ, егер зейнетақы шотында көп ақша болып, оларды сауатты жұмсай алған және жалақысынан 40% стандартты деңгейде табыс тауып отырған салымшылар өз қалауы бойынша жинақтғы ақшасының бір бөлігін пайдалана алады.
Оның айтуынша, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің басты мақсаты азаматтардың алаңсыз қарттығын қамтамасыз ету.
Тағы оқыңыз:
Зейнеткерлерге неге несие алуға болмайды?
Қазақстан ең жемқор елдердің қатарынан шықты
Доллар 430 теңге бола ма: Ұлттық Банк төрағасы жауап берді
Депутат мұғалімдерге пайызсыз несие беруді ұсынды