Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Зейнетақысына риза болып, тыныш қана өмір сүрсін": Ауған соғысы ардагерлері журналистің жауабына наразылық білдірді

Белгілі журналист Марат Тоқашбаев телеарнаға берген сұхбаты еліміздегі барлық Ауған соғысы ардагерлерінің наразылығын тудыруда. Ардегерлер сұхбатта өздерінің ар-намысына тиетін пікірлер айтылғанан алға тартуда.

Бүгін 28 панфиловшылар саябағында бас қосқан Ауған соғысына қатысқан жауынгерлер мемлекет басшысана хат жолдап, қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етуде. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ресми Кабулдың деректеріне қарағанда 1979 жыл мен әскер шығарған 1989 жыл аралығында 10 жылда Совет одағының солдаттары, әскерлері 1,5 миллион ауғандықтарды қырып жіберген. 1,5 миллион ауғандықты қырып жіберген. Огнеметпен атқан, бомба тастаған. Ауған соғысының ардагеріміз деп кеудесін соғатындар үшін бұл үлкен масқара.

Сұхбат барысында журналист Марат Тоқашбаев оларды жіберген мемлекет келмеске кеткен және ардагерміз деп түрлі жеңілдіктер сұрауға ешқандай қақысы жоқ екенін айтады. Алып жүрген зейнетақысына риза болып, тыныш қана өмір сүрсін деп пікір білдіріпті. Оны естіген барлық ауған соғысында әскери борышын өтеген жауынгерлер ар-намысымызға тиді деп өретүргелуде. Бүгін Алматы қаласы мен Алматы облысында тұратын ауған соғысы ардагерлері Мәңгілік алаудың жанында бас қосып, өз пікірлерін ортаға салды. Антына берік, Отанына адал жауынгерлер қазір жастарды патриоттық отансүйгіштікке тәрбиелеуде.

«Біздің бүткіл Ауған Соғысы ардагерлеріне жабылған жала деп өзіміздің Марат Тоқашбаевқа деген наразылығымызды білдіруге арнай бүгін осында келіп жатырмыз. Ондағы келген себебібімз. Ол кісінің Ауған соғысы ардагерлеріне айтқан сөзіне осы жерде жауап берсін. Халықтың алдында кешірім сұрасын. Ауған соғысы ардагерлерінен кешірім сұрасын. Олардың жанұяларынан, жетім-жесірлерден кешірім сұрасын», - деді Алматы облыстық "Жауынгерлер бауырластық" ұйымының төрағасы Ержан Данабеков. 

«Мына ауған соғысының ардагерлері жастарға жоламасын деген не әңгіме? Ой кеше біз Ауғаныстаннан келдік. Бейбіт өмірге келдік. Білім алдық, оқыдық. Жастарды тәрбиелеп ждатырмыз. 40 жыл болды. «Балдырған» деген балалар басылымының бас редакторымын. 40 жыл бойы жастарға ... мен енді сол жұмысымды тастап кетуі керек па? Тоқашбаев айтты екен деп», -деді ардагер Дүйсен Мағлұмов. 

«Ең ауыр айыбыңыз Ауған соғысы ардагері дегенде кеудесін соқпасын дегеніңіз. Сіздің алдыңызда қай ауған соғысы ардагері кеудесін соғыпты соны анықтап беріңіз. Болмаса халық алдында иіліп тұрып кешірім сұраңыз», - дедң Бақыт Жақыпбеков. 

Өңірлік телеарнада көсілі сөйлеген Марат Тоқашбаев бүгін ардагерлердлің арасына келіп кешірім сұрап, өз пікірін өзгерткенін жеткізді.

«Осы жерде ауғандық жауынгерлерден тағы да кешірім сұрай отырып, баршасына амандық істеріне береке тілеймін. Алла тағала барлығына амандық берсін», - деді Тоқашбаев.

Айтуынша ауған ардагерлерінің жағдайлары мәз емес ауыр екенін көз жеткізіпті. Сондықтан оларға мемлекет тарапынан мардымды көмек берілуі керек деп есептейді.

«Олардың алатын пенсиясы аз, жағдайлары ауыр, Ауған соғысынан алған психикалық салмақтары орасан және мемлекеттен көсетіліп жатқан көмек өте мардымсыз. Сондықтан мен пікірімді түбегейлі өзгертіп, жалпы Ауған жауынгерлеріне қатысты мемлекет тарапынан арнайы жол картасы қабылданып, үлкен көмек жасалуы керек деп есептеймін», - деді журналист. 

Алайда ауған жауынгерлері бұл мәсел аяқсыз қалдырмайтындықтарын жеткізді. Сотқа беріп, қылмыстьық жауапкершіліке тартқызуды көздеп отыр. Осы уақытқа дейін 14 мың теңге жіәрдемақыны місе тұтып келген олар алдағы уақытта республикалық жиын өткізіп, мелекеттен өздерін Ұлы Отан Соғысы ардагерлерімен теңестіруді талап етпек екендіктерін жеткізді.

Естеріңізге сала кетсек ауған соғысына Қазақстаннан 22 мың адам қатысқан. Олардың 761 қаза тауып, 21 адам із-түссіз жоғалып кеткен. Қазір көзі тірі 16 мыңға жуық ардагердің 3 мыңдай мүгедек.

Талқылау