AAPL
130.46 $
-1.31 %
TSLA
623.31 $
7.19 %
NDAQ
175.8 $
-3.84 %
GOOGL
2402.22 $
-24.61 %
FB
329.66 $
-6.41 %
FRHC
60.68 $
-0.91 %
AAPL
130.46 $
-1.31 %
TSLA
623.31 $
7.19 %
NDAQ
175.8 $
-3.84 %
GOOGL
2402.22 $
-24.61 %
FB
329.66 $
-6.41 %
FRHC
60.68 $
-0.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зейнетақыны біржолғы зейнетақы төлемдеріне дейін және кейін қалай есептейді

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының әрбір салымшысы қор сайтындағы болжамды зейнетақы калькуляторын пайдалана отырып, өзінің болашақ зейнетақы төлемдерін дербес есептей алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Ол Қазақстанның көпдеңгейлі зейнетақы жүйесі шеңберіндегі зейнетақының барлық құрамдауыштарын қамтиды: мемлекеттік базалық зейнетақы және жасына байланысты зейнетақы (немесе ортақ), сондай-ақ, міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы", - делінген БЖЗҚ хабарламасында.

Есептеулерді орындау оңай және өте қарапайым. Ол үшін болжамды калькуляторда туған күні, жынысы, еңбек өтілі, жинақ сомасы және т. б. сияқты барлық жолдарды толтыру қажет. Егер сіз enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте тіркелген болсаңыз, калькулятордағы өрістер автоматты түрде толтырылады және болашақ зейнетақыны есептеу екі-үш рет басу арқылы жүзеге асырылады.

"Бұдан әрі сіз БЖЗҚ-дан төленетін болашақ төлемдеріңізді есептеу нәтижелерін көресіз, олар пессимистік, шынайы және оптимистік деп бөлінетін үш сценарийде беріледі. Барлық үш нұсқа кірістіліктің болжамды деңгейін ескереді. Бұл ретте барлық болжамды нәтижелер нақты құндық мәнде (болжамның тиісті кезеңінің инфляциясын шегере отырып) ұсынылады. Сонымен қатар, сіз зейнетке шығатын жасыңызды, күнді және т. б. көре аласыз", - деді қорда.

Айта кетейік, ел азаматтары  2021 жылдың 1 сәуірінен бастап өзгерістерге сәйкес төлемдерді көре алады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, енді БЖЗҚ-дан ай сайынғы төлем мөлшері қорда төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асырудың жаңа әдістемесіне сәйкес есептеледі.

"Осы әдістемеге сәйкес зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың бірінші жылындағы ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері зейнетақы жинақтарының сомасын зейнетақы жинақтары төлемдерінің 6,5% мөлшерлемесіне көбейту және 12-ге бөлу арқылы айқындалады. Келесі жылдары ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері өткен жылғы ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшерін жыл сайын 5% индекстеу мөлшерлемесіне арттыру жолымен анықталады. Бұл ретте ай сайынғы зейнетақы төлемінің есептелген мөлшерінің төлемі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан кем емес мөлшерде жүзеге асырылады", - деді ведомствода.

Еске сала кетейік, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін төленеді, мұны зейнетақы калькуляторының есептеулерінен де көруге болады.

Бұдан басқа, жеке кабинеттегі зейнетақы калькуляторында жеткіліктілік шегінен асатын және тұрғын үй жағдайларын жақсарту мен емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері түрінде алуға болатын сома туралы ақпарат қолжетімді. Бұл ретте мақсатты қажеттіліктерге зейнетақы жинақтары бір мезгілде алынған кезде өзінің болашақ ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің сомасын көру мүмкіндігі іске асырылды. Ол салымшыға қазіргі уақытта зейнетақы жинақтарын алу-алмау немесе болашақта, яғни зейнеткерлік жасқа жеткен кезде әлдеқайда жоғары зейнетақы төлемдерін алу туралы өз бетінше шешім қабылдауға көмектеседі.

"Сондай-ақ, зейнеткерлік жасқа жету үшін зейнетақы жинақтарының (МЗЖ, МКЗЖ және ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған) болжамды мөлшері жеткілікті болған жағдайда, пайдаланушыны сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу және өмір бойғы зейнетақы төлемдерін алу мүмкіндігі туралы хабардар ететін қалқымалы терезе пайда болады. Есеп бірден сақтандыру ұйымынан аннуитеттік төлемнің болжамды мөлшерін білуге мүмкіндік береді, оны сіз БЖЗҚ-дан кесте бойынша берілетін төлемдермен салыстыра аласыз", - деп қорытындылады БЖЗҚ-да.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр