Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты қайдан ала алады?

Гаджеттер мен онлайн мүмкіндіктер дәуірінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан еліміздің әрбір азаматы зейнетақы, инвестиция және қаржылық мүмкіндіктер т.б. көптеген мағлұматтарды жеңіл әрі жылдам біле алады. Енді Қордың enpf.kz сайты мен ұялы қосымшасы, БЖЗҚ YouTube арнасы және әлеуметтік желілері арқылы соңғы жаңалықтардан хабардар бола аласыз. Бүгінгі материалда жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы ақпаратты қайдан және қалай алуға болатыны жайлы түсіндіреміз.

Қазақстандықтар зейнетақы жүйесі туралы кез келген ақпаратты БЖЗҚ ресми сайтынан (enpf.kz) және ұялы қосымшасынан сондай-ақ, YouTube платформасынан және әлеуметтік желідегі парақшаларынан ала алады.

БЖЗҚ өз атына жеке зейнетақы шоты ашылған тұлғаға зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты ақысыз ұсынады.

Бірыңғай жинақтаушы  зейнетақы қорының кеңсесіне жеке бару немесе пошта жіберілімін күтуден басқа әлдеқайда жылдам тәсілдер бар. Қазіргі уақытта жеке шот туралы ақпаратты электронды форматта Жеке кабинет арқылы немесе Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ұсынылған электронды пошта арқылы алуға да болады. 

2014 жылдан бастап Қордың enpf.kz сайтындағы Жеке кабинеттің немесе БЖЗҚ ұялы қосымшасының көмегімен өз жинақтарының жай-күйі туралы мәліметтер алатындардың саны алты миллион адамнан асып, 20 есеге жуық өсті.

Зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат әдетте Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына азамат жеке өзі жүгінген кезде ғана берілетін. Алайда салымшы Қор сайтында немесе кеңсесінде тиісті келісім жасай отырып оны өз бетінше оңай өзгерте алады. Сонымен қатар зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты сайтта және ұялы қосымшада келісім жасамай-ақ электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегімен де алуға болады. ЭЦҚ egov.kz электронды порталындағы жеке кабинет арқылы өз жинақтары туралы ақпаратты сұрату кезінде көмектеседі. 

БЖЗҚ-ның онлайн қызметтері жоғары сұранысқа ие

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өз қызметтерінің 93%-дан астамын онлайн форматта ұсынады. Қор салымшылары кез келген уақытта Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы өздерінің зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа толық қол жеткізе алады. 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры соңғы тоғыз айда өз салымшыларына 18,8 миллион қызмет көрсетті. Оның ішінде 13 миллионнан астам қызмет электрондық форматта, 4 миллионнан астамы – автоматты форматта ұсынылды. 
Сандық мүмкіндіктер мен қаржылық әл-ауқатты арттыруға ұмтылыс кезеңінде БЖЗҚ азаматтарға өздерінің зейнетақылары туралы барлық қажетті ақпаратты ең заманауи және ыңғайлы форматта алудың бірегей мүмкіндігін ұсынып, қызмет көрсетудің жаңа стандартын белгілейді.

Ресми сайттағы мәліметке сәйкес, биылғы жыл басынан бері азаматтар 17,1 миллионнан астам қызметті сәтті алған. Өтініштердің 70%-ға жуығы электронды түрде жіберіліп, ал 3,7 миллионы электрондық пошта арқылы автоматты түрде жеткізіліпті.

БЖЗҚ сайтындағы және ұялы қосымшасындағы Жеке кабинет - тек қаржыны басқару құралы емес, бұл ыңғайлылық пен мүмкіндіктер әлемі. Мұнда сіз өзіңіздің зейнетақы шотыңыз туралы ақпаратты алып қана қоймай, сонымен қатар жеке зейнетақы шотының бар екендігі туралы үзінді көшірме алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, төлемге өтініштің мәртебесін қадағалау, жинақтарының бір бөлігін инвестициялық портфельді басқарушыға аудару,  инновациялық зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақының болжамды мөлшерін есептеу және т.б. қызметтерді пайдалана аласыз. Мұның барлығы да әлемнің кез келген нүктесінен тәулік бойы қолжетімді.

Естеріңізге сала кетейік, кез келген компания Қорға жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты  мәселелер бойынша таныстырылымдар мен ақыл-кеңес алуға өтінім бере алады. Ол үшін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалу немесе БЖЗҚ сайты немесе ұялы қосымшасы арқылы хабарласу қажет.

Қордың мақсаты тек ақпарат беру ғана емес, сонымен қатар компанияларға өздерінің қаржылық болашағын басқару үшін бірегей тәжірибе жасауға қол ұшын беру болып отыр. Осылайша БЖЗҚ барлық тараптар үшін алаңсыз болашақ құру жолында сенімді серіктеске айналуда.

Қордың ақыл-кеңес беру қызметтерін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), www.enpf.kz корпоративтік сайтынан, БЖЗҚ ұялы қосымшасынан, +7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsApp және Viber чат-боты арқылы және БЖЗҚ-ның Instagram, TikTok, Facebook, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан алуға болады.

Талқылау