Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Зейнетақы жинақтарын шешіп алуға көмектесеміз”: БЖЗҚ қазақстандықтарға ескерту жасады

Фото: gov.kz

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) қазақстандықтарды зейнетақы жинақтарын шешіп алуға көмектесеміз деп уәде беретін алаяқтардан сақ болуға шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қордың мәліметінше, алаяқтар адамарды ең төменгі жеткіліктілік шегінен асқан зейнетақы жинақтарын шешіп алуға көмектесеміз деп алдайтын көрінеді.

"Әлеуметтік желілерде ең төменгі жеткіліктілік шегінен асқан зейнетақы жинақтарын төмен пайызбен алуға “көмектесеміз” деген жалған хабарландырулар таралуда. Алаяқтар сізді алдау үшін БЖЗҚ мен уәкілетті операторлардың логотиптерін пайдаланады", – дейді БЗЖҚ өкілдері. 


"Скрининг жазбасын растап, код айтуды сұрайды": Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға жаңа алаяқтық туралы ескертті

Профессордың пәтерін алдап сатқызып, баспанасынан айырған: Алаяқтардың жаңа схемасынан қалай қорғана аласыз


БЗЖҚ зейнетақы жинақтарын шешіп алудың заңды шарттарын еске салды:

- төлемдер тек заңда нақты белгіленген жағдайларда ғана жүзеге асырылады;

- зейнетақы төлемдерін рәсімдеу делдалдарсыз және комиссиясыз жүргізіледі;

- БЖЗҚ ешқандай комиссия ұстамайды, барлық төлемдер заң аясында жүзеге асырылады;

- жинақтарды тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе емделуге мақсатты пайдалану тек екінші деңгейлі банктер арқылы жүргізіледі.

Қор азаматтарға жеке деректерін үшінші тұлғаларға беруге болмайтынын ескертті.

Еске салсақ, бұған дейін ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға алаяқтықтың жаңа түріне байланысты ескерту жасаған еді.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 06 Тамыз, 2025 20:49
Талқылау
`