32 жыл күткен тарихи жүлде: Михаил Шайдоров – Олимпиада ойындарының чемпионы
Фото: ҰОК
Қазақстан қоржынына Италия төрінде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында тарихи жүлде түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Олимпиада ойындарында топ жарды. Отандасымыз қос бағдарлама қорытындысы бойынша 291.58 ұпай еншіледі. Бұл – оның жеке рекорды.
Осылайша 32 жылдан кейін алғаш рет Қазақстан қоржынына тарихи жүлде түсіп отыр.
Ол жарыс жолында басты қарсыластары АҚШ елінің өкілі Илья Малиниді, жапониялық Юма Кагияманы шаң қаптырды.
Михаил Шайдоров еркін бағдарламада Димаш Құдайбергеннің орындауындағы әнмен өз өнерін күллі әлемге паш етті.
Айта кетейік, Михаил Шайдоров – әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Ол 2025 жылғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды. Сонымен қатар Төрт құрлық чемпионатында алтын жүлде иеленіп, араға 10 жыл салып Денис Теннің тарихи жетістігін қайталады.
Алтын мен әшекей бұйымдарды қалай ажыратуға болады: Зергер көпшілік біле бермейтін белгілерді атады
Алтынның шынайылығын тек түсіне, жылтырына немесе салмағына қарап анықтау дұрыс емес
19 жастағы Аяжан Еділова қалай қаза тапты: Бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірген қылмыстың хронологиясы
Аяжан Еділова бар болғаны 19 жасында кісі қолынан қаза тапты