Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Зейнетақы жинақтарын пайдалануға рұқсат берілгені жайлы хат жібереді": БЖЗҚ алаяқтықтың жаңа түрі жайлы ескертті

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының өкілдері жаңадан пайда болған алаяқтарға байланысты қазақстандықтарға сақ болуды ескертті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

БЖЗҚ алаяқтар күдік тудыратын сайттарға сілтемелер тіркеліп, зейнетақы жинақтарын мақсатты пайдалануға рұқсат берілгендігі жайлы хат жіберетінін мәлім етті. 

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін «Отбасы банкіндегі» арнайы шотқа аудару туралы» деген мазмұнға ие жіберілімдер жасалмайтынын ресми түрде мәлімдейді. БЖЗҚ сонымен қатар салымшыларға (алушыларға) біржолғы зейнетақы төлемдерін аударуға қатысты ешқандай хабарлама жібермейді және салымшының ешқандай дербес деректерін сұрамайды", - деді қор өкілдері.

Осыған байланысты, БЖЗҚ бейтаныс сайттарға күдікті сілтемелер бойынша өтпеуге шақырады.

"Ақпаратты тек БЖЗҚ-ның ресми сайтында және уәкілетті операторлар болып есептелетін банктердің интернет-ресурстарында тексеру қажет", - делінген ресми хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда ЭКО жасауға зейнетақы жинағын қолдануға рұқсат берілгені айтылған еді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр