Зерттеушілер сүт тұтыну әйелдерде жүрек ауруының қаупін арттыратынын айтты
Уппсала университетінің (Швеция) ғалымдары 100 мың 775 адамды қамтыған ауқымды зерттеу жүргізді. Ол күніне екі стаканнан артық сүт ішу әйелдерде жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін арттыратынын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BMC Medicine басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Зерттеуге сәйкес, мұндай байланыс ерлерде табылмады. Сараптама көрсеткендей, әйелдердің сүттен гөрі сүт өнімдерін тұтынғаны абзалырақ.
Зерттеушілерді бірінші кезекте ашытылмаған және ашытылған сүт өнімдері қызықтырған.
Бірінші жағдайда бұл кәдімгі сүт, кілегей және май, яғни әртүрлі майлылығы бар пастерленген сүт өнімдері. Екіншісінде – ашытудан өтетін өнімдер немесе ашыған сүт: айран, йогурт, ірімшік.
Мамандар 33 жыл бойы бақылау нәтижесінде жүректің ишемиялық ауруының 17 мың 896 жағдайын анықтады. Оның ішінде 10 714 миокард инфарктісі клиникалық расталған.
Швед зерттеушілері, ашытылмаған немесе ашытылған сүтті тұтынуды аурудың даму уақытына байланысты бағалады.
"TikTok арқылы жарын жолықтырып, заңгерден әншілікке өткен": Желіде танымал болған қазақстандықтар қалай жетістікке жеткенін айтып берді
Рамазан айы басталып, Ұлттық қордан балаларға ақша түседі: Ақпаннан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады?
Отбасы банк тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға қатысты талаптарды жұмсартты