Зерттеу: Жазда су көздің саулығына қалай әсер етеді
Су мен ылғал – көзді сыртқы әсерлерден қорғайтын көз жасы үлбірі қабатының маңызды құрамдас бөлігі. Бұл көз алмасын жабатын сұйықтық пен шырышты қабаттың ерекше бөлігі. Егер организмге су жетіспесе, сулы қабат жұқарып, көз жасы шығуының азаюына әкеледі. Бұл өз кезегінде «құрғақ көз» синдромын, көздің ауырсынуын және көру проблемаларын тудырады.
X-Lab Оптинол шақыртуымен Қазақ Офтальмология ҒЗИ жетекші офтальмологтарының бірі Панченко Снежана Константиновна "құрғақ көз" синдромы сияқты өзекті тақырыптарды, су мен оның сапасы көздің саулығына қалай әсер ететінін және ыстық күндері көздің ылғалдануын қалай сақтау керектігін айтып берді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша, әлемде көз ауруымен ауыратын 2,2 миллиард адам бар, ал оның кем дегенде миллиардына жуығының ауруын алдын алуға болады. Сондықтан медицинадағы жетекші мамандар, жалпы тәжірибелік дәрігерлер, фармацевтер мен инженерлер Х-Lab Оптинол – ЯДРАН компаниясының сараптамалық зерттеу орталығына жиналды. Олар соңғы зерттеулерді талдап, біртұтас көзқарасты қолдана отырып, көздің сау болуы үшін оны қалай күту керектігін және неге бұл біздің бүкіл ағзамыз үшін маңызды екенін зерттейді.
1. Үй жағдайында құрғақ көз синдромын қалай анықтауға болады және дәрігерлер қандай әдістерді қолданады? Ағзаның сусыздануының белгісі қандай болуы мүмкін?
«Құрғақ көз» синдромы мәселесінің өзектілігі жылдан жылға артып келеді, бұл синдром қазіргі заманның басты ауруларының біріне айналып үлгерген. «Құрғақ көз» синдромы - көз беткейінің көп факторлы ауруы, ол көз жасы үлбірінің өзгеруімен сипатталады. Жазда көзге бірнеше фактор бірден әсер ететіндіктен, тіпті сау көру қабілеті бар адамдарда да аурудың алғашқы белгілері пайда болуы мүмкін. Медициналық тәжірибеде алғашқы талдау – көз жасы сұйықтығының пайда болу жылдамдығына арналған тест (Ширмер сынағы). Нәтижесінде дәрігер патологияның көз жасы үлбірінің қай қабатында пайда болғанын анықтап, зақымдалған қабатқа әсер ететін препараттарды тағайындауы керек.
Тітіркену, қышу немесе тырнағандай сезім, көздің ашуы, көзде бір нәрсе бар сияқты сезім, жарыққа сезімталдық, көздің жанындағы шырыштың пайда болуы және «сулы» көздер сияқты белгілерге назар аударған жөн. Сондай-ақ сусызданудың алғашқы белгілерінің бірі – көз астында қара шеңберлер мен қуыстардың пайда болуы.
Жұмыс орнында немесе үйде көзге кері әсер ететін факторлар:
1. Компьютер экраны
Ең ыстық күндерде балалар мен ересектер үйде қалып, көп уақытын компьютер немесе телефон алдында өткізеді. Бір объектіге көру фокусының жоғарылауы нәтижесінде жыпылықтау жиілігі төмендейді, бұл өз кезегінде көз жасы үлбірінің кебуіне әкеледі және көру жүйесіне жүктеме түсіреді. "Компьютерлік шаршау синдромының" белгілері: көру өткірлігінің төмендеуі, көздің қосарлануы, шаршау сезімі, ауырлық, ашыту, қызару және жарыққа сезімталдық.
2. Кондиционер
Бөлмені кептіру арқылы кондиционерлер көздің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін көз жасы үлбірінің жұмысын бұзады. Жиі еленбейтін симптомдардың бірі - ылғал тапшылығына жауап ретінде көз жасының жоғарылауы. Алайда көз жасы көп мөлшерде бөлінсе де, бұл құрғаған көздің белгілерін азайтуға көмектеспейді.
3. Организмнің жалпы дегидратациясы
Дененің жалпы дегидратациясы – ескеретін жайттардың бірі. Ұзақ уақыт жұмыс істеген кезде біз ағзадағы судың мөлшерін толтыруды ұмытып кетеміз, ал жаз күндері ағза ылғалды тез жоғалтатынын ескерсек, көздің беткейі бактерицидтік әсерге ие одан да аз көз жасы сұйықтығын шығарады. Көздің кебуі көру қабілетін үшін өте қауіпті, өйткені соның нәтижесінде инфекция және әртүрлі аурулардың даму қаупі артады.
2. Жазда көздің сусыздануын болдырмауға арналған 3 негізгі кеңесіңіз қандай? Тек су ішу жеткілікті ме, әлде басқа өнімдер бар ма?
Бірінші және негізгі ереже - организмді ауыз сумен дұрыс ылғалдандыру. Біздің денеміз әрдайым сусыздану туралы сигналдарды уақытында жібермейді. Жазда ұсынылатын су мөлшері - 1.5 литр, бірақ бұл норма барлығына бірдей емес. Метаболизмді жылдамдату үшін күніңізді бір стақан жылы су ішуден бастаңыз. Бұған қоса жүйке жүйесінің сигналдарын тыңдаңыз: ол сізге су балансын толтыру қажет болған кезде ескерту жасайды.
Ылғалдандыратын тамшылар мен жақпамайлардан басқа ереже ретінде қабақтың тұрақты гигиенасын сақтауға кеңес беремін. Бұл жылдам процедура «құрғақ көздің» белгілерін жеңілдететін көзжасы үлбірінің сапасын жақсартады. Май секрециясын сұйылту және мейбомиялық бездердің арналарын ашу үшін қабақтарыңызға жылы компресстер немесе гиалурон қышқылы мен қабынуға қарсы компоненттерге малынған маска жасаңыз. Содан кейін қабақтарыңызды мақта тампонымен бірнеше минут уқалаңыз және аздап құрғататын массаж жасаңыз.
Көз жасын неғұрлым қарқынды өндіруді қамтамасыз ету үшін дәрумендер қабылдау артық етпейді. Көз жасы үлбірінің функцияларын сақтау үшін А, С, В12 дәрумендерін қабылдаған жөн. Сондай-ақ, соңғы зерттеулер омега-3 май қышқылдарына бай тағамдарды тұтыну көздің қабынуын азайтып, жоғары сапалы көз жасын қамтамасыз етуі мүмкін екенін көрсетеді. Мұндай өнімдерге зығыр майы, майлы балық (ақсерке, тунец, сардина және скумбрияны қоса), грек жаңғағы, жұмыртқа, сондай-ақ чиа тұқымдары жатады. Алайда дәрігерлер алдымен зертханалық тексеруден өтіп, диета мен суплементтерді қабылдау туралы терапевтпен кеңесуді ұсынады.
3. Шомылу маусымы кезінде көздің саулығы туралы нені есте сақтау керек?
Біз ашық ауада уақыт өткізгенде, көз бірнеше факторлармен бетпе-бет келеді: күн, теңіз суы, құрғақ ыстық ауа, құм, жел, аллергия.
Сондықтан жағажай маусымы кезінде күтімнің бірнеше ережелерін есте сақтау қажет:
1. Шомылудан бұрын және суға түскеннен кейін көзіңізді шайыңыз және ылғалдандырыңыз
Судың химиялық және органикалық заттарына ұшыраған кезде көздің қорғаныс функциясы төмендейді. Теңіз суы – гипертониялық ерітінді, оның құрамындағы тұз мөлшері көздегі немесе көз жасындағы тұздан әлдеқайда көп. Салдарынан көз жасы үлбірін құрғата отырып, теңіз суы көзден ылғалды алып, ашыту сезімін тудырады. Бассейнде шомылу туралы айтатын болсақ, басты агрессор хлор болуы мүмкін. Ал ашық су қоймаларында көздің шырышты қабығына енген кезде инфекция тудыратын микроорганизмдер болуы мүмкін. Мен суға түсер алдында көзді таза сумен жуып, косметиканы алып тастап, ылғалдандыратын тамшыларды тамызуды ұсынамын. Жүзу кезінде көзілдірікті қолданыңыз, көзге қолыңызды тигізбеуге тырыспаңыз. Жағажайда ұзақ болғаннан кейін термалды сумен, түймедақ немесе шаймен суық компресс жасауға болады.
2. Әрқашан күннен қорғайтын көзілдірік киіңіз
Күн сәулесі де көзге кері әсер ететін факторлардың бірі. Күн сәулелері судан да, құмнан да шағылысатынын ұмытпаңыз. Олар барлық органдарға ықпал етеді. Ал көз қорғалмаған болса, күйіп те қалуы мүмкін. Сондықтан 99-100% УК сәулелерін бұғаттайтын жеткілікті жарық сүзгісі бар күннен қорғайтын көзілдірік (әсіресе 10:00-ден 14:00-ге дейінгі кезеңде) кию ұсынамын (осы мәндердің баламалары «400 нм дейін УК-сіңіру» немесе «UV400» деген жазулар болуы мүмкін).
3. Қажет болса, ылғалдандыратын тамшыларды қолдануды әдетке айналдырыңыз, ауырсыну мен жайсыздыққа жол бермеңіз
Дәрігерлер мен фармацевттер көздің шырышты қабығын ылғалдандыруға көмектесетін препараттар жасады. Олар «жасанды көз жасы препараттары» деп аталады. Мұндай тамшылардың көз жасының құрамына қаншалықты ұқсас болса және оларда консерванттар аз болса, соғұрлым көздің саулығын сақтауға көмектеседі. Осындай препараттардың бірі - Оптинол. Ол көз үлбірін тұрақтандырады, көздің шырышты қабығын оңтайлы қорғауды қамтамасыз етеді және ылғалдандыру қабілетіне ие.
Сарапшылар әрбір көз ауруының екіншісін алдын алуға болатынын айтады
X-Lab Оптинол, ЯДРАН сараптамалық зерттеу орталығының жетекші мамандары сіз үшін соңғы зерттеулерді талдайды және тұтас тәсілді қолдана отырып, көздің саулығына қалай дұрыс күтім жасау керектігін және бұл біздің бүкіл ағзамыз үшін неге маңызды екенін анықтайды. Жетекші офтальмологтар, неврологтар, эндокринологтар, психиатрлар, ревматологтар, диетологтар, оториноларингологтар, косметологтар, отбасылық дәрігерлер, фармацевттер және инженерлер көздің құрғақтығын не анықтай алатындығын және қандай белгілерді елемеуге болмайтынын, көздің иммунитетпен қалай байланысты екенін, қалай көздің көру қабілетін жақсартуға болатынын талдайды.
Жазда спортпен шұғылдану көздің саулығын жақсартады және катаракта қаупін азайтады
Тіпті қарапайым физикалық белсенділік қан ағымын және қан тамырларының тонусын жақсартады және антиоксидантты ферменттердің белсенділігін арттырады. Велосипедпен жүру, серуендеу немесе жүзу сияқты тұрақты жаттығулар көздің тотығу зақымдануын азайтады және жасына байланысты катаракта қаупін 2% төмендетеді. Спортпен шұғылданған кезде біздің көзімізбен не болады және ол көздің ауруларын емдеуге көмектесе ме? Осы және басқа мәселелерді Қазақ Офтальмология ҒЗИ офтальмолог дәрігері Гүлмира Бақытқызы Тілеубаева талдайды.
Жүрек пен көздің саулығын жақсартуға көмектесетін жеті фактор
Көз аурулары жүрек ауруларын белгісі болуы мүмкін. Қан тамырларының көздің артқы бөлігінде орналасуы тіпті қиын байқалатын залалды ескерту сигналы болуы мүмкін. Америкалық жүрек қауымдастығы дененің сауығуына ықпал ететін салауатты өмір салты мен мінез-құлықтың жеті әдетін анықтады. Жүрек саулығын тексеруден бұрын қандай жеті факторға назар аудару керек – бұл сұрақтарға медицина ғылымдарының кандидаты және жетекші кардиолог Бикташев Дамир Бралиевич жауап береді.
Балаңыз жақсы оқитын болады: Көру-қимыл үйлесімін қалай дамыту керекКөру-қимыл үйлесімі көздің, мидың және дененің жұмысын байланыстырады. Зерттеулер көрсеткендей, көру және қимыл үйлесімі дұрыс жетілген жас балалар оқу, жазу және математиканың негізгі дағдылары бойынша жақсы жетістіктерге жетеді. Балалардағы моториканы және үйлесімділікті жақсарту үшін дәрігерлер мақсатты ойындарды енгізуді ұсынады. Дәрігер педиатр Әубәкірова Нұржамал Талғатқызының эксклюзивтік зерттеуінде көру-қимыл үйлесімділігін жақсартуға және үлгерімін арттыруға не көмектесетінін біліңіз.
Мақала ЯДРАН ОПТИНОЛ, 01 Content & Technology - C3 Croatia халықаралық сандық агенттігімен ынтымақтастықта дайындалған.
Оптинол - жеңіл, орташа және өте ауыр құрғақ көз синдромында қолданылатын гиалурон қышқылына негізделген жасанды көзжасы препараттарының сериясы.
Авторы: Панченко Снежана Константиновна
Офтальмохирург дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты, көз аурулары ҚазҒЗИ дәрігері, Нұр-Сұлтан қаласы

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
