AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зеленский өзінің Украинадан кетіп қалғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Украина президенті Владимир Зеленский үндеу жолдап, өзінің Украинадан кеткені туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Зеленский

Украина президентінің сөзінше, ол қазір Киевте, ал бейнеүндеу жұмыс кабинетінде түсірілген. 

"Мен өз орнымдамын және президент кеңесінің басшысы Андрей Борисович те осында. Ешкім ешқайда қашқан жоқ", – деді Зеленский.

Сонымен қатар ол өзінің Украинадан кеткені туралы ақпараттың әр екі күн сайын шығатынын айтады. 

Бұған дейін Мемлекеттік дума басшысы Вячеслав Володин Зеленскийдің Украинадан кетіп, қазір Польша жерінде екенін мәлімдеген. 



Кейін Жоғарғы Рада депутаты Илья Кива да Зеленскийдің елін тастап кеткенін айтқан. Сөзінше, мемлекет басшысы әрі қарайғы тапсырманы АҚШ-тың Польшадағы елшілігінен береді. 

26 ақпанда да Володин Зеленскийдің өз жақтастарымен Львов қаласына кеткенін мәлім еткен. Дәл сол күні Зеленский Киевтегі Банковой көшесінен бейнеүндеу түсірген болатын. 

Айта кетейік, бұған дейін Зеленский Путинді келіссөзге шақырған еді. Ол Украинаның Ресей көршісі екенін алға тартқан.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр