Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Не үшін қорқасыз?": Зеленский Путинді келіссөздерге шақырды

Украина президенті Владимир Зеленский 3 наурызда өткен баспасөз мәслихатында Батыс елдерін Украинаға әскери көмекті арттыруға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Зеленский

Зеленскийдің сөзінше, егер Украина Ресейдің бетін қайтара алмаса, Путин Шығыс Еуропа елдерін жаулай бастайды. 

“Құдай сақтасын, егер біз төтеп бере алмасақ, Украинаның кебін Латвия, Литва, Эстония мемлекеттері киеді. Менің сөзіме сеніңіздер”, – дейді Украина президенті. 

Ол соғысты тоқтату үшін Ресей басшысы Владимир Путинді тағы да келіссөздерге шақырды.


"Салдары өте ауыр болады": Украинадағы атыстан кейін Запорожье атом электр станциясында өрт шықты


“Макронмен, Шольцпен кездескендегідей 30 метр қашықтықта емес, жақын отырып сөйлесейік. Біз сізбен көршіміз ғой! Мені өзіңізден алыс ұстаудың қажеті жоқ. Мен қауып алатын ит емес, қарапайым адаммын. Менімен отырып әңгімелесіңіз, не үшін қорқасыз? Біз ешкімге қауіп төндіріп отырған жоқпыз, біз террорист емеспіз ғой”, – деді Зеленский. 


"Қайтып оралмай ма деп қорқамын": Тұтқынға түскен ресейлік әскерилердің отбасы жақындарының жағдайын біле алмай жүр


Айта кетсек, бұған дейін Зеленский Украинада ресейлік 9 мың әскеридің көзі жойылғанын мәлімдеген болатын. Ал Ресейдің қорғаныс министрлігі таратқан мәліметіне сүйенсек, Украинада  498 сарбаз қаза тауып, 1 597 сарбаз жарақат алған.

 

Талқылау