Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зарина Омарова “Жан гүлім” әнін бір тойда 15 рет орындаған

Зарина Омарова он жылдан кейін шоу-бизнеске қайта оралды. Ұзақ уақыттық декреттік демалыстан кейін қайтадан тойға шыға бастады. Айтуынша, бүгінде аптасына кемі бір қызды ұзатады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Зарина Омарова

“Еуразия” арнасының “Кешкі кездесу” бағдарламасында Зарина 2018 жылы өзі болған тойлардағы қызықтар жайлы айтып берді.

“Қазіргі тойлардың ерекшеліктері бар, оның бәрі жақсы ғой деп ойлаймын. 2018-де біраз тойлар өтті. Әр апта сайын қыз ұзатып жатамын, Құдайға шүкір. Бір тойда қыздың анасы өте қатты қобалжып, жылады. Ол әлеуметтік желіде де таралып, қызу талқыға түсті.

Өткен аптада тағы бір той өтті. Алдын ала асабаға жігіт әрірек тұрсын деп ескертіп қойдым. Себебі әнім ұзақ, мен әнді бітіріп болғаннан кейін қалыңдықты алып кетсе дедім. Жаңағы жігітіміз әрі-бері жүреді, әнім бітпесе де бізге қарай келе жатыр. Әннің әлі бітпейтінін түсініп, қайтадан артқа қарай шегініп жатты. Сондай ерекше қызықтары бар”, – дейді әнші.

Алайда Зарина осыдан 10-15 жылдай бұрын тойлардың өзгеше өткенін айтады. Ол шақ әсіресе, Омарованың есінде жақсы сақталған. Себебі әншінің репертуарындағы “Жан гүлім” әнінің хит болып тұрған шағы.

“Бір тойда “Жан гүлім” әнін 15 рет орындағанмын. Он бес рет, бүкіл той бойы бәрі осы әнге биледі. Оныншы ретте айтудан шаршаған да шығармын. Бірақ көңіл күй сондай болды. Халық сол әнге он бес рет билесе де, бірінші рет билегендей жүрді”, – деп ностальгияға берілді өнер иесі.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

STAN.KZ
Жұма, 05 Қазан, 2018 16:01
Талқылау