Зарина Омарова алғаш рет өмірін өзгерткен жол апаты жайлы айтты
«Апатқа дейін, апаттан кейін!» Зарина Омарованың өмірдегі және өнердегі жолы дәл осылай екіге бөлінеді. Алғашқыда атағы аспандап тұрған әншінің, жол-көлік оқиғасынан кейін танымалдығы да бәсеңсіп қалған. Тіршілікке деген көзқарасын күрт өзгерткен жағдай туралы оның өзі айтсын.
Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.
Бір өлім аузынан қалған Заринаның жасы ол кезде небәрі 17-де болыпты. Жұлдызы жарқырап тұрған әнші, Шымкентке барған гастрөлдік сапарда жол апатына ұшырайды. Денсаулығына қауіп төнген Омарова, тіпті Испания еліне барып емделеді.
“Өте қайғылы апат болды. Өйткені екі адам қаза болды, мен ғана тірі қалдым. Өмірге екінші рет келдім сол кезде. Барлық жерлерім сынып, зақымданды. Алты ай төсек тартып жатсаң, сен кішкентай қыз болсаң да, есейіп кетеді екенсің. Өмірге басқаша қарайсың. Аэропортта ұшып бара жатқан кезімде таяқпен кеткенмін, жырты жылдан кейін таяқсыз келдім”, – дейді Зарина Омарова.
Ол шақтарда Омарова жеке ән кешін өткізіп, зәулім сарайды тыңдарманға лық толтырған. Ал, бүгінде атағы аспандап тұрған Дильназ Ахмадиева, Мәдина Сәдуақасова сынды шоу-бизнес жұлдыздары, кезінде Заринаның талантына бас ұрған деседі…
“Сол жеке концертін өткізгенде мына Дильназ Ахмадиева, Мәдина Сәдуақасова бәрі жолдас еді. «Ойбай, Зарина сен сахнада өлең айтатын болсаң, біз жақындай алмаймыз ғой» – деп айтып жүретін шыны керек”, – дейді Зарина ағынан жарылып.
“Үлкен Роза Бағланова, Роза Рымбаева сынды апаларымыздың қасында, мен кішкентай болып жүретінмін. Папам бар, Ақжол ағамыз бар… Мені жаңағы ең соңында әдемі қылып, кішкентай қыз сияқты шығаратын сахнаға. Сондай бір ұмытылмас кездер еді”, – дейді Омарова.
Ауыр апаттан аман қалған Заринаның, бүгінде екі перзенті бар. Өнер иесі 10 жылын отбасына арнап, енді ғана шығармашылығын белсенді түрде қолға ала бастады.
Жіберіп алмаңыз:
Луина алты жыл азаматтық некеде тұрған продюсерімен айырылысты
Ермек Тұрсынов киносын сынаған Бекболат Тілеуханның деңгейіне баға берді
Зарина Омарова анасының көрген азабы жайлы айтып, жылап қалды
Аш болсаңдар көрер ем: Азамат Сатыбалды есірген жастарды сынға алды