Зардап шеккендер саны 8-ге жетті: "Қазақстан" шахтасындағы өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды
Қарағанды облысындағы "Қазақстан" шахтасында болған өрттен зардап шеккендер саны сегізге жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше зардап шеккендердің барлығы Х.Ж.Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханада ем қабылдап жатыр.
Зардап шеккендерде шахта газына өткір ингаляциялық улану, көмірқышқыл газына жоғары деңгейде улану, токсикогипоксиялық энцефалопатия, токсикалық бронхит анықталған.
Ал Шахтинск қалалық полициясы Қылмыстық кодекстің 277-бабы 2-бөлігі “Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу” бойынша іс қозғады.
Айта кетейік, бұған дейін өрт салдарынан екі адамның мәйіті табылғаны хабарланған еді. Шахтадағы өрт кезінде 227 қызметкер болған.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”