"АрселорМитталТеміртау" шахтасындағы апат: Екі адамның мәйіті табылды, үш кенші әлі іздестіріліп жатыр
Қарағанды облысында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында болған өрттен екі адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: uidder.org
Екі адамның қаза тапқаны туралы ақпаратты Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі растады.
Қазір құтқарушылар қалған 3 кеншіні іздеп жатыр. Өрт шыққан шахтадағы қатты түтін іздеу жұмыстарын қиындатып отыр.
Компанияның мәліметінше, қазір сәйкестендіру жұмыстары жүргізілуде.
Шахтадан 222 адам шығарылды, алты адам ауруханаға жатқызылды.
"Кеншілерге алдын ала қойылған диагноз – жеңіл дәрежедегі көмірқышқыл газынан улану. Тағы екеуі Мақажанов емханасында. Алдын ала диагноз – көмірқышқыл газынан ауыр дәрежеде улану. Оларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысында "Арселор Миттал Теміртау" АҚ "Қазақстан" шахтасында өрт шыққанын жазған едік.
Экологтар Атырауда егілген лотос экожүйені құртып, өзенді батпаққа айналдырады деп дабыл қақты
Маман: "Инвазивті өсімдіктер өте жылдам таралып, су түбін көлеңкелейді және жергілікті өсімдіктерді ығыстырады"
14 жастағы қыздың "зорлау" ісін жеңіл бапқа ауыстырған: Қазақстандық тергеуші салғырттық танытты деп айыпталды
Оқырмандар істің "ерікті жыныстық қатынас" ретінде бағалануына күмән келтірген