Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алтын ұрлаушыларға көмектескен Ақмола облысының шенеуніктері 23 млн парамен ұсталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҰҚК мен бірлесе отырып, Ақмола облыстық ІІД лауазымды тұлғаларының қылмыстық істерін әшкереледі.

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік ҰҚК-мен бірлесе отырып «Қазақалтын» ТМК АҚ кен шахтасынан заңсыз алтын өндіруге көмектескен Ақмола облыстық ІІД лауазымды тұлғаларының қылмыстық әрекетіне тоқтау қойды. Аталған қылмыстық топта Степногор ІІБ бастығының орынбасары Т.Дүйсембаев, Ақсу кенті полиция бөлімінің бастығы С.Бибатыров болды. Сондай-ақ, Бестөбе кенті полиция бөлімінің бастығы Д. Айнагелдинов, Степногор ІІБ жедел уәкілдері А. Жекібаев пен А. Құлышев, оған қоса дәстүрлі емес діни ағым ұстанушылары да күдікті ретінде ұсталды», – делінген хабарламада.

Ведомствоның ақпараты бойынша, аталған лауазымды тұлғалар сенімді адамдар арқылы шахтадан алтын ұрлағандардан бірнеше рет, жүйелі негізде пара алып отырған.

«Тінту барысында 23 миллион теңге, атыс қарулары және жарылғыш құралдар мен  ұсақталған алтындар табылды», – деді агенттік.

Айта кетейік, «Қазақалтын» ТМК АҚ кен шахтасынан заңсыз алтын өндірді деген күдіктілер 14 наурыз күні  ұсталып, қамалды алынды. Бұл іс бойынша тергеу жүргізілуде.

Жіберіп алмаңыз:

Балиеваға 2 кресло не үшін қажет: Желі қолданушылары балалар қамқоршысын қызметінен босатуды ұсынды

Министр депутаттардың қазақша сұрағын түсіне алмай әбден састы

Әблязов негізін қалаған қозғалыс Қазақстанда экстремистік ұйым болып танылды

Назарбаев Путинді не себепті құрметтейтінін айтты

 

Талқылау