Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жанболат Мамай қамауға алынды

Жанболат Мамай мен Жанбол Рахматулла митингке қатысуға адамдарды үгіттегені үшін қамауға алынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жанболат Мамай"21 ақпанда 1988 жылы туған Мамай Жанболат пен 1991 жылы туған Рахматулла Жанболды Алматы облысы Қарасай ауданының ІІБ қызметкерлері әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін ұстады", - деп хабарлады ІІМ-де.

Сондай-ақ Мамай мен Рахматулла адамдарды заңсыз митингке шақырып, әлеуметтік желілерде үндеу жасағаны үшін ұсталғанын полиция өкілдері атап өтті.

Қарасай аудандық сотының қаулысымен Жанболат Мамайға үш тәулікке, Рахматуллаға 15 тәулікке әкімшілік қамау тағайындалды.

Бұған дейін Бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев Мұхтар Әблязовтың шақыруына байланысты қазақстандықтарға үндеу жолдады.

Бас прокуратурада Қазақстанда тыйым салынған "ДВК" экстремистік ұйымының қызметіне кез келген қатысу қылмыстық кодекстің 258 ("экстремистік қызметті қаржыландыру және экстремизмге өзге де жәрдемдесу") және 405 ("экстремизмді жүзеге асыруға байланысты оның қызметіне тыйым салу туралы сот шешімі бар ұйымның қызметіне қатысу") баптарына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратынын еске салды.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Екі рет ракты жеңген қария коронавирустан көз жұмды

79 жастағы қарт жасына қарамастан өте ширақ әрі белсенді болған

450 мыңға жуық қазақстандық 42500 теңгелік жәрдемақыға өтініш берген

Қазіргі таңда 60 мың қазақстандық белгіленген ақшаға қол жеткізіп үлгеріпті

Алматыдағы коронавирус жағдайы: Тағы 6 адам індеттен емделіп шықты

Алматыда короавирус жұқтырғандардың саны 109 болып отыр

"Үйінде өз бетінше емделген": Түркістан облысында көз жұмған науқас жайлы жаңа мәліметтер айтылды

Науқастың диабетпен ауырғандығы анықталыпты

Коронавирус пандемиясынан кейінгі адамзат өркениетінің жайы не болмақ?

Коронавирус індеті аяқталғаннан кейін өркениеттің болашағы жайлы үш болжам айтылды

Қазақстандықтар коронавирусқа тест жасату үшін қалай өтініш беруі керек

Қазақстанда COVID-19 экспресс-тест тексеруінен кімдер өтеді?

"Жастарға қалдырыңыздар": 90 жастағы кейуана жасанды тыныс алу аппаратына қосылудан бас тартып, артынша көз жұмды

Оның қызы анасының бұл існе еш таңқалмайтынын айтып отыр

Көз жұмған науқас - 64 жастағы Жетісай ауданының тұрғыны: Түркістан облысында індет өмірін қиған науқас жайлы не белгілі?

Жалпы облыста коронавирус жұқтырған 23 азамат анықталыпты

Қазақстандық дәрігерлер коронавирусты анықтайтын тест жасап шығарды

Бұл тест арқылы жұқпалы індетті 5-6 сағатта дәл анықтауға болады

Назарбаевтың денсаулығына қатысты таралған ақпарат жоққа шығарылды

Елбасының баспасөз хатшысы тұңғыш президенттің жағдайы жақсы екенін атап өтті
Çàãðóçêà...