AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Заңсыз ақша шығарғандардың кімнің туысы екеніне де қарамаймыз": Мәжіліс шетелге ақша шығарғандарға қатысты заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс шетелге ақша шығарғандарға қатысты арнайы заңды мақұлдап, Сенатқа жолданды. Егер бұл заң қабылданса оффшорға ақша салып жүргендердің жолы кесіледі. Ал депатута Азат Перуашевтің сөзінше, шетелге кеткен ақшаны қайтаруға болады. Тек бұған құзырлы органдар күш салуы қажет, жеп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап. 

доллар

15 маусымда депутаттар 2-ші оқылымда мақұлдаған заң жобасы бойынша арнайы жұмыс тобы 5 отырыс өткізсе, қаржы және бюджет комитеті 3 кеңейтілген отырыс өткізіпті. Бірқатар өзгерістер енгізіп, түзеп әкелген заңды Сенат қабылдаса, сыртқа заңсыз қаржы шығаратындардың жолы кесіледі. Ал шетел асқан ақшалар елге қайтарылады дейді депутаттар. 

Соңғы жылдары Ақ жол партиясы офшорға кеткен миллиардтарды елге қайтару туралы жиі айтып жүр. Азат Перуашевтің дерегіне сүйенсек, 167 млрд доллар сыртқа кеткен. Енді Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы қаражаттың заңсыз шетелге шығарылуына жол бермейді деп отыр депутаттар. 



"Халықаралық тәжірибе бар. Мысалы, Швейцариядан Малайзияның бұрынғы премьер-министрінің ақшасы қайтарылды. Алысқа бармайық, Гүлнара Каримованың ақшасы Швейцариядан қайтарылды. Құқық қорғау органдарымыз нақты кіріссе, бұндай мүмкіндік бар деп санаймын", – деді Парламент мәжілісінің депутаты Азат Перуашев. 

Ал бұған дейін шетке кеткен қыруар қаржыны қайтару үшін Президенттің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылған болатын. Мәжіліс төрағасы сол комиссия жұмысынан үмітті. Алайда бұл қаражатты қайтару оңай болмайды дейді. 

"Комиссияның жұмысын күту керек. Шетелге кеткен ақшаны қайтару оңай жұмыс емес. Себебі оның заңсыз кеткенін бірінші дәлелдеу қажет. Тек біздің мемлекетте дәлелдемеу керек. Сол елдің экономикасына жұмыс істеп жатқаны, сол елдің заңымен де дәлелдеу керек", – деді Парламенті мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов. 

Мәжіліс спикері қаржыны елден заңсыз шығарғандардың лауазымына да, кімнің туысы екеніне де қарамаймыз дейді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр