Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Египетте заңгер жыртық джинсы киетін қыздарды зорлауға шақырды

Адвокат қазіргі қыздардың киіміне көңілі толмайтынын айтты.

Мысырлық заңгер Наби аль-Вахш зорлықты ұлттық парызға, ерлікке жатқызуға болады деп сендірді. Өйткені қазіргі қыздардың киім киісі соған мәжбүрлейді. Ол, әсіресе, жыртық джинсы шалбар киіп жүретін қыздарды зорлау керек екенін айтты, деп жазады The Independent.

Мысырдың әйелдер ісі жөніндегі ұлттық кеңесінде Наби аль-Вахиштың ұсынысынан бас тартты. Олар елдегі конституцияға қарсы келгені үшін заңгердің сөзіне шағым айтатынын жеткізді.

16 қазан күні Мысырдың Каир қаласы әйелдер үшін әлемдегі ең қауіпті қала деп танылды. Мұнда әйелді зорлау, сексуалдық құлдықта ұстау оқиғасы көп.

Тағы да оқыңыз:

Қызылордалық шенеуніктердің ерлер мен әйелдер араласа жалаңаш күйінде демалған сәті желіге тарап кетті

ОҚО-да жезөкше болуға көнбеген қыздарын ата-анасы үйден қуып жіберген (видео)

Қазақстанда жаңа жол белгілері пайда болды

Талқылау