"Заңды қайта қарасын": ШҚО-да жетімдер әрең қол жеткізген үйлерін жекешелендіре алмай жүр

Шығыс Қазақстан облысындағы жетімдер үйінде өскен азаматтар мемлекет қамқорлығынан құр қалдық деп шағымданып жатыр. Басқасын айтпағанда, баспана мәселесі басты проблемаларына айналыпты. Олар талай жыл кезек күтіп әрең алған үйлерін жекешелендіре алмай қалған.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Шағымданушылардың бәрі жетімдер үйінде өскен. Балалар үйіне барған кезде үй кезегіне тұрған. Айтуларынша, бұрын кезегі жетіп баспаналы болғанда, жекешелендіріп алатын мүмкіндік болыпты. Енді мемлекет сол мүмкіндіктен айырды деп ашынды.

"Мысалы мен күйеуімнің үйінде тұра алмаймын. Пәтерімді жалға бере алмаймын. Басқа үй сатып ала алмаймын. Ондай жағдайда мені үйден шығарып, пәтерді қайтарып алады. Мұның бәрі пәтерді атымызға аудару туралы заң өзгергендіктен болып отыр. Сондықтан тиісті заңды қайта қараса", - деді Өскемен қаласының тұрғыны Ларица Швец.

Сондай-ақ, жетімдер үйінен кеткен соң тұрақты тіркеуге тұра алмайды. Енді оған жекешелендіру мәселесі тағы қосылыпты. Ал өткен жылы Өскеменде жетімдер үйінде өскен 127 адамға үй беріліпті. Қала бойынша қазір осы санаттағы 1960 адам тұрғын үй кезегінде тұр.



Әкімдік қызметкерлері болса, заң өзгермегенін мәлмдеді. Тиісті министрлікке хат жолдапты, жауабы келген соң бұл азаматтармен тағы кездеспек.

"Жауапты алған соң міндетті түрде түсіндіреміз. Жеткіземіз. Бұл мәселені біз білеміз. Бұл бағытта жұмыс атқарып жатырмыз. Ол кісілермен кезіккенбіз және түсіндіргенбіз", - деді Өскемен қаласы Тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы Айбек Салбанов.

Сонымен қатар, шағым иелері заң өзгерді деп теріс түсініпті-міс. Соңғы жылдары берілген үйлердің барлығы жекешелендіруге жатпайтын "Нұрлы жер" бағдарламасымен салынғандықтан баспаналар басқалардың да иелігіне өтпейді екен.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр