Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Заң тұрғысынан қабылданбайтын әрекеттерге барған" - ҰҚК басшысы қаңтар оқиғасы туралы

ҰҚК басшысы Ермек Сағымбаевқа қаңтар оқиғасы кезіндегі жұмыс туралы сұрақтарға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Казахстанская правда" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы арнаулы мемлекеттік органдардағы қызмет "ең алдымен кез келген күтпеген жағдайларға үнемі дайын болу және тез бейімделу қабілетін" қажет ететінін атап өтті.

"Ел үшін қиынға соққан кезеңде Ұлттық қауіпсіздік комитетіне Мемлекет басшысы арнайы қызмет жүктеді. Бізге қойған маңызды міндеттерді шұғыл шешу қажет болды. Бұл, ең алдымен, әлеуметтік жағдайды тұрақтандыру және конституциялық құқықты қорғау шараларын жүзеге асыру. Қазақстан халқы мен Президент алдында үлкен жауапкершілік тұрды.

Сондай-ақ, ол кездері республика азаматтарының комитетке деген сенімі айтарлықтай төмендегені жасырын емес еді. Кейбіреулер, қазір олар бұрынғы қызметкерлер өз өкілетін асыра пайдаланып, заң тұрғысынан қабылданбайтын әрекеттерге барған. Алдағы уақытта мұндай деректерге процессуалдық баға беріліп, олардың қайталанбауы үшін ұйымдастыру шаралары қолға алынғанын мәлімдеймін.

Өткен жылы қаңтарда жеке құрамды жинап, жедел-жауынгерлік тапсырмаларды орындауға жұмылдыру, рухты көтеру қажет болды. Бүкіл күш блогының бірлескен күш-жігерінің арқасында елдегі тәртіпті қалпына келтіруге және жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік туды", - деді ҰҚК басшысы Ермек Сағымбаев.

Айта кетейік, биыл ұлттық қауіпсіздік органдарына 31 жыл толды. 1992 жылы 13 шілдеде ҰҚК құру туралы Президент Жарлыққа қол қойған еді.

Талқылау