Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Заң алдында жауап береді: Балауса Мұздыман Ангелина Лукасты сотқа бермекші

Фото:Stan.kz collage

Ангелина Лукас IBO, WBF және WIBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Балауса Мұздыман арасында дау шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Осыдан бірер күн бұрын Ангелина Лукас Мысырда чемпиондық белбеу үшін Кэтрин Ренеге қарсы жекпе-жек өткізіп, жеңілген еді.

Артынша белгілі болғандай қарсыласы допинг сынамасынан өте алмай, бұл айқас болмаған деген есепке алынды. Бірақ Ангелина Лукас әлеуметтік желіде бұл айқастың кадрларынан үзінді жариялап, Балауса Мұздыманның бапкері Сағатбек Мұсахановты айыптауда.

Оның сөзінше Қазақстандық жаттықтырушы Сағатбек Мұсахановты америкалық боксышының жеңіске жетуіне өз септігін тигізді деуде. Айтуынша, Кэрин Ренни Балауса Мұздыманның бапкерімен байланысқа шығып, бәсеке дайындық кезінде кеңес берген деп отыр.

Ал бұл мәлімдемеден кейін Балауса Мұздыман тарапы да үнсіз қалмады. Бұл тағылған айыптардың барлығын жоққа шығарып, шындыққа жанаспайтынын және жалға жабылғанын жеткізді. 

“Менің бапкерім Сағатбек Мұсахановқа Ангелина Лукастың тарапынан жала жабылып жатыр. Ол белгілі бір себеп, айғақтарсыз жала жабуда. Мен бұны Ангелина Лукастың өзінің жеңілгенін мойындай алмайтынының дәлелі деп білемін. Өйткені ол бұған дейін спартакиададағы жекпе-жекте жеңілген соң, менен, менің командамнан сол жердегі федерацияның адамдарынан сол жердегі төрешілерден көрген еді. Алайда біз қазір жағдайға көз жұмып, қарай алмаймыз. Себебі бұл ситуатцияға менің бапкерім, екінші әкеме тиіп жатыр. Сол кісінің атына кір келтіруде. Бұған қоса ешбір айғақсыз жала жабылуда. Біз бұны жайдан-жай қалдырмаймыз. Ангелина Лукас бұл ісі үшін заң алдында жауап береді”, – дейді Балауса Мұздыман.

Айта кетейік, қос боксшы ару арасында болып жатқан бұл жанжал бірінші рет емес. Бұған дейін де екеуі бір-бірін жекпе-жекке шақырып әлеуметтік желі де шу болған еді. Енді Балауса Мұздыман Ангелинаның бұл ісін соңына дейін жеткізетінін, бапкерін ақтап алатынын айтып жатыр.

Ақерке Өмірхан
Сәрсенбі, 19 Қараша, 2025 17:40
Талқылау