"Залға бару үшін автобуста тұрамыз": Аралас жекпе-жек спортшысы футболшыларды сынға алды
Қазақстандық спортшы, М-1 және NFC-дің бұрынғы чемпионы Асу Алмабаев футболшыларды әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі жеңілістен кейін сынға алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Спортшы Instagram парақшаларының бірінде жарияланған жазба астына пікір қалдырған. Жазбада команданың 14 матча қатарынан жеңілгені туралы жазылған.
"ММА-ді дамыту керек, бауырлар. Әрине, олардың жалақасы жоғары. Ішімдік ішеді, шылым шегеді. Сонда кім жүгіріп, ойнайды. Біз мұнда жаттығу залына жету үшін автобуста тұрамыз. Дегенмен, бізде нәтиже бар", – деп жазған Алмабаев.
Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласында өткен Қазақстан-Финляндия арасындағы ойыннан кейін "ИК" тобының мүшесі футболшыларға үндеу тастағанын хабарлаған едік.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн