Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Закіржан Кузиев Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан Мәжіліс депутаты болып сайланды

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті. Орталық сайлау комиссиясы саяси доданың алдын ала нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Закиржан

Сайлау нәтижесі бойынша Закіржан Кузиев 60,94% дауыспен жеңіске жеткен. Оның қарсыласы Виталий Тварионасқа сайлаушылардың 30,12 пайызы дауыс берген. 



Сайлауға бас-аяғы 425 адам қатысты. Дауыс берушілер қатарында президент Қасым-Жомарт Тоқаев та бар.

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарларын тағайындаған еді. Ал Майя Бекбаева мен Зәкіржан Кузиев ҚХА басшысының орынбасары қызметінен босатылды.

Назархан Уән
Бейсенбі, 28 Сәуір, 2022 15:42
Талқылау