Зағипа Балиева 7 жасар баланың ісіне қатысты: Мектеп директорының кімнің туысы екенінде шаруам жоқ
Бүгін бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева Орталық коммуникациялар орталығында журналистерге арнап брифинг өткізді. Осы пресс-конференция барысында омбудсмен 7 жасар баланың қазіргі жағдайы туралы толығырақ айтып берді.
Бүгін бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева Орталық коммуникациялар орталығында журналистерге арнап брифинг өткізді. Осы пресс-конференция барысында омбудсмен 7 жасар баланың қазіргі жағдайы туралы толығырақ айтып берді, деп хабарлайды Baq.kz.
«Баланың отбасына пәтер сыйланады деп ешкім айтқан жоқ. Сол себепті, журналистерге ақпарат дұрыс жетпей қалған сияқты. Ал мектеп директорына келетін болсақ, оны танымаймын. Ауылға барған емеспін. Себебі, мен Шымкентке ұшып келген кезде, бала сол жерде болды. Бұл директордың кімнің туысы екенінде шаруам жоқ. Бұл сұрақты жауапсыз қалдыруға рұқсат етіңіздер. Себебі, бұл сұраққа айтар нақты жауабым жоқ», – дейді Зағипа Балиева.
Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Сарыағаш ауданы Абай ауылында орын алған келеңсіз жағдайға байланысты жауапты тұлғаларға ескерту мен сөгіс берген еді.
Желі белсенділері бірінші сынып оқушысын зорлады деген баланың тегі мектеп директорының тегімен сәйкес, Селтановтар екенін анықтады. Сонымен қоса, аудандық мәслихат депутаты, жәбір көрдім деген балаға алғаш тексеріс жүргізген дәрігер-уролог және ОҚО ІІД криминалды полиция бастығы да Селтановтар болып шықты.
Айта кетейік, бұған дейін ОҚО-да мектеп оқушыларына 7 жасар оқушыны зорлады деп айып тағылған болатын. Кейіннен 1-сынып оқушысыныңзорланбағаны анықталды. Жәбір көрдім деген баланың өзі оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Соңғы мәліметтер бойынша, бұл іске қатысты қызық сәйкестіктер пайда болды.
Тағы да оқыңыз:
Тілеухан 7 жасар баланың ісін жымын білдірмей жаба салайық деген пиғылдағы адамның бәрі – сыбайлас