Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зүлфия Ғабидуллина Германияда әлем рекордын жаңартты

Зүлфия Ғабидуллина Берлин қаласында тірек-қимыл аппараты мен көз жанарында ақауы бар спортшылар арасында Германияның ашық чемпионатта рекорд орнатты.

20170710080213

Наталья Звягинцева, Әнуар Ахметов, Дмитрий Ли, Ержан Сәлімгереев, Шахан Жолдасбаев, Бауыржан Қабақов, Сиязбек Дәлиев, Кирилл Ильюкевич және Зүлфия Ғабидуллина жүзуден Қазақстан атынан қатысуда. Финалға шыққан Зүлфия Ғабидуллина 200 метр қашықтықта 03:26,65 секундта келіп рекорд орнатты, деп хабарлайды prosports.kz.

Одан бөлек Зүлфия Ғабидуллина еркін стильде 100 метр қашықтыққа жүзу бойынша ең үздік көрсеткіш көрсетіп, 50 метр қашықтыққа шалқалап жүзуде екінші орынға ие болды.

Паралимпиадалық чемпион Зүлфия Ғабидуллина – жүзуден Қазақстан Республикасының халықаралық санаттағы спорт шебері, ҚР ұлттық құрама командасының мүшесі, 12 мәрте әлем рекордын орнатқан.

Тағы да оқыңыз:

Қазақстан өңірінде жасөспірімдер “лайк” жинау үшін баланы соққыға жыққан

Қарағандыда жүйке ауруына шалдыққан ер адам жасөспірімді пышақтап тастады

Гименопластика дәрігері жасанды “қыздықты” табиғидан қалай ажыратуға болатынын айтты

Талқылау