"Ұзатуға блогер мен әртістерді шақырмаймын": Айжұлдыз Адайбекова жеке өміріне қатысты жаңалықты бөлісті
Танымал желі жұлдызы, актриса Айжұлдыз Адайбекова жақында тұрмысқа шығатынын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/aizhuldyz_adaibekova/
Өнер иесі "Revue news" бағдарламасында сүйіктісімен бірге сұхбат берді. Айтуынша, Сәкен екеуі бірге тұрып жатқан көрінеді.
“Адам толық бақытты болған кезде, неге оны жарияламасқа?! Біз де өзімізді толық бақытты сезінгеннен кейін, жариялауды жөн көрдік. Біздің бірге тұрып жатқанымызды ел талқылап кетті. Екеуміздің ортақ баспанамыз бар. Одан кейін бөлек пәтерлеріміз де бар. Қалаған кезде бөлек және бірге тұра береміз. Жеке кеңістігімізді сақтаймыз. Бір-біріміздің шығармашылық жолымызға кедергі келтірмейміз”, – деді блогер ару.
-
"Бақыттысың ба?" деп сұраймын": Айжұлдыз Адайбекова баласын қалай тәрбиелеп жатқанын айтты
-
"Айналып қашыңдар": Айжұлдыз Адайбекова су жаңа көлігін көрсетті
Одан кейін шаңырақ көтеру тойына дайындалып жатқанын да жасырып қалмады.
“Сәкен ұлан-асыр үйлену тойын жасағысы келеді. Менің ұзату тойымда ешқандай блогер, әртістер болмайды. Тек жақындарым мен бауырларымды ғана шақырамын. Тойға дайындық қызу жүріп жатыр. Нақты күні мен айы белгілі болғанда жариялаймыз”, – деді жақында қалыңдық атанатын Айжұлдыз.
Еске салайық, "Қазақстандық өрмекші адам" атанған Айжұлдыз Адайбекованың сүйіктісі ерекше образымен елді таңғалдырды.