Ұйымдасқан қылмыстық топ пара беру үшін кәсіпкерден ақша талап еткен
Сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі кәсіпкерден ақша бопсалаған ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады. Олар алған ақшаны квазимемлекеттік сектор нысанының басшысына пара ретінде бермек болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ұйымдасқан топ мемлекеттік сатып алу туралы конкурста жеңімпаз деп танығаны үшін пара бермекші болған. Олар 25 маусымда кәсіпкерден 15 миллион теңгені алған кезде ұсталған.
"Ұсталғандардың тұратын және баратын жерлерінен тіркелмеген жауынгерлік атыс қаруы – "ТТ" және "Smith&Wesson" маркалы тапаншалары мен олардың патрондары, сондай-ақ қолдан жасалған жарылғыш құрылғының муляжы, кастет, пышақтар және суық қарудың басқа да түрлері табылып, тәркіленді", – делінген агенттік хабарламасында.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”