"Ұят қайда?!": Баян Мақсатқызы Дженнифер Лопестің Астанада өтетін концертіне пікір білдірді
Танымал продюсер Баян Мақсатқызы америка жұлдызы Дженнифер Лопестің Астанада өтетін концертіне қатысты ойын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Айта кетейік, әйгілі әнші тамыз айында Қазақстанға келмек.
“Радикалды хейтерлер мен дәстүрлі көзқарастағы адамдардың реакциясын күтіп отырмын. Ұят қайда?! Бізге мұны жасауға болмайды ғой?! Жұлдыз! Уау! Біз тура жолда екенбіз! Жоғары профиссионализм. Харизма, талант және ашық сексуалды киім. Онсыз болмайды ғой. Ол Джей Ло емес пе?!" – деп жазды Баян Мақсатқызы.
Еске салайық, Лопестің Астанадағы концертінен еліміз қанша табыс табатыны белгілі болған еді.
“Астана Концерт" компаниясының продюсері Малик Хасенов үкімет отырысында америкалық әнші әрі актриса Дженнифер Лопестің концертіне 15 мың турист келіп, қазынаға 400 миллион теңгеден аса салық түсетінін айтқан еді.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды