"Ұяңды өз қолыңмен қаладың": Ақбота-Нұр Сейтмағамбетованың пәтері көпшілікті таңғалдырды
Фото: Stan.kz
Танымал әнші әрі актриса Ақбота-Нұр Сейтмағамбетова өзінің Instagram-дағы парақшасында жаңа үйін көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі үйді Alasha Residence тұрғын үй кешенінен алғанын жасырмады.
"Әр кірпішінде арман, әр терезесінде үміт. Жаңа үй – жаңа тыныс, жаңа бетбұрыс. Қаншама еңбек терімнің жемісі. Құтты шаңырақ болсын!", – деп жазды ол.
-
"Қолдауың шабыттандырады": Дәурен Айдарқұлов экс жұбайы Ақбота-Нұрға алғыс білдірді
-
"Маған да бұйырды": Ақбота-Нұр Сейтмағамбетова жеке өміріне қатысты жаңалығын бөлісті
Көпшілік Ақбота-Нұрдың қуанышына ортақтасып, жылы лебіздерін жаудырды.
"Берекелі, қайырлы үй болсын!", "Қандай керемет! Еңбегіңіз жана берсін, берекелі, мерекелі шаттыққа толы шаңырақ болсын", "Құтты болсын берекелі болсын", "Қаншама еңбек. Кішкентай қыздың үлкен жетістіктерінің бірі. Арманға адалдық пен жұмыстағы табандылықтың нәтижесі. Өз ошағыңды, өз ұяңды, өз арманыңды өз қолыңмен қалап жатсың. Алла қолдаушың болсын", – деп жазды олар.
Еске салайық, әнші 7 миллион теңгеге сағат сатып алған еді.

"Жиырмадан асқан жігіттер қырындайды": Қызының қатарласындай жас көрінетін 40 жастағы қазақстандық әйел желі жұлдызына айналды
