Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Тиімді төлем қызметі: YURTA Dom қолданбасы 2,5 миллионан астам тұтынушысын үй шаруашылығы қызметімен қамтамасыз етеді

"YURTA Dom" бренді ретінде жұмыс істейтін "ИВЦ" ЖШС қазірдің өзінде үй шаруашылықтарының 2,5 миллионнан астам жеке шоттарының қажеттіліктерін өтеп үлгерді. YURTA Dom – үй шаруашылықтары, мемлекеттік органдар (ПИК, МИБ, ҚС) және қызмет көрсетушілер қосылған Қазақстандағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы жалғыз бірыңғай қаржылық басқару жүйесі.

YURTA төлем жүйесінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтері үшін жылдық айналымдағы көрсеткіші 78 миллиард теңгені құраған. Ал бірыңғай төлем құжаты нысанында бұл көрсеткіш 24 миллиард теңгеден асады.

Бұл сервистің қызметін бүгінде Алматы, Алматы облысы тұрғындары, елдің батысы мен шығысында белсенді қолдануда. Қолданба Қазақстандағы бірегей интеграцияланған сервис тұтынушыларының барлық қажеттіліктерін жаба алады. Себебі егер сізде үй шаруашылықтарын басқару нысандары төңірегінде сауалдар туындаса, Yurta Dom арқылы барлық қызметті мобильді түрде тиімді әрі ашық шешуге мүмкіндік болады.

Бұл қолданба тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтері төлемдерін электрондық форматта бірыңғай төлем құжатымен басқаруға мүмкіндік береді. Одан бөлек, шығындарды жеке есептеу құралдарының көрсеткіштерін бақылап отыруға, түбіртектер мен төлем тарихын көруге мүмкіндік береді. Мұның бәрі пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін бір жерде жинақталған. Енді алдағы уақытта қолданбада есептегіштің көрсеткіштерін цифрландырып,оларды жүйеге енгізу бойынша жұмыстар жоспарлануда.

Сонымен қатар, меншік иелерінің қауымдастығы сияқты басқару органдары Yurta abonent жеке кабинеті арқылы өз қарыздарын көре алады. Жүйе арқылы қызметтердің төлемі қаншалықты көтерілгенін біліп отыруға және сол бойынша алдағы уақытта қанша қаражат жұмсайтыныңызды жоспарлауға болады.

Бұл қолданба арқылы басқару органдары тұрғындарды қажетті кез келген қызмет түрлерімен қамтамасыз ете алады. Атап айтқанда аумақты көгалдандыру, қоқысты шығару, жинау, күзет, бейнебақылау орнатудан бөлек, тендерлер жарияланып, оған қатысушыларды тұрғындардың таңдауына мүмкіндік болады. Сонымен қатар, жақын арада мұнда меншік иелерінің кез келген маңызды шешімі бойынша электронды дауыс беру опциясы пайда болады. Ал хаттамалар мен құжаттар тұрғындар үшін де қауымдастықтар үшін де онлайн көрсетіледі. Қолданбаның тағы бір артықшылығы енді күнделікті өмірде қажет тауарлар мен қызметтерді жеткізушілер, үй шаруашылықтарына, жөндеу жұмыстарына өз қызметтерін ұсынатындар Yurta Market маркетплейсінде шоғырланады.

ИВЦ ЖШС-нің Бас директоры Балжан Туменбаева Yurta Dom платформасын меншік иелері мен басқару органдарының арасында тиімді жұмыс істейтін әлеуметтік желі ретінде санауға болатынын айтады.

"Оның тиімділігі мен сұранысын цифрларлардан-ақ көре аламыз. Мәселен, Yurta Dom сервистерін ай сайынғы пайдаланушылар саны 2,5 миллионан асады. 800-ден астам МИБ және ПИК пен 300-ден астам қызмет көрсетушілер бүкіл ел бойынша платформаға қосылды", - деді Балжан Туменбаева.

Yurta Dom тұтынушыларына қызмет провайдерлері жүйелік төлем шешімдерінің толық спектрін ұсынады. Ол Yurta мульти-қолданбасының негізгі бағыттарының бірі. Бұл жобаның негізгі мақсаты бір қолданба арқылы пайдаланушыға барлық қаржылық қажеттіліктерін толығымен жабатын шешімдерді ұсыну. Yurta қолданбасын кез-келген iOS немесе Android құрылғысына жүктей аласыз!

Одан бөлек, электрондық әмиянды мульти-қолданбада толықтыра отырып, пайдаланушы VISA виртуалды картасын бірден ашып, төлем жасай алады. Ал бизнес өкілдері бұл қолданба арқылы өз қызметтерін ұсынса болады. Компаниялар өз қызметтерін қолданба арқылы төлеуді көрсету арқылы Yurta-ның бір мүшесі бола алады. Бүгінде бұл мультижүйеден Қазақстан мен шетелдің әртүрлі мобильді операторларын, қаржылық қызметтерін, интернет-дүкендерін таба аласыз.

YURTA Multi App-тегі белсенділік бағдарламасы сатып алу бонустарын есептейді. Ал оны пайдаланушы Yurta әмиянындағы ақшаға айырбастай алады.Сол арқылы дүкендерде немесе ұялы байланыс қызметімен саудаласуға болады. Одан бөлек, сол бонустармен тұрғын үй коммуналдық шығындарын да өтеуге болады. Yurta өз жүйесіне қатысушылар санын үнемі көбейтіп отырады. Бұл пайдаланушыға қаржылық өнімдер жүйесінде максималды мүмкіндіктер ұсынады.

STAN.KZ
Бейсенбі, 01 Маусым, 2023 10:59