Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Юлия Путинцева WTA 250 турнирінің жартылай финалына шыға алмады

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Хуахин (Таиланд) WTA 250 турнирінің жартылай финалына шыға алмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: olympic.kz

Юлия Путинцева ширек финалда әлемнің 40-ракеткасы Синьюй Ваннан бірінші партияда 6:1 есебімен есе жіберді.

Алайда Путинцева екінші сетте 3:6 есебімен теңесті. Осылайша, шешуші үшінші партияда қытайлық спортшы мықтылық танытты.



Екі сағат 12 минутқа созылған спорттық бәсекеде теннишіміз 1 эйспен бірге 16 брейк-пойнттың алтауын пайдалана білді. Ван 1 эйс, 8 брейкпен (11 брейк-пойнт) көзге түсті.

Еске салайық, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина үшінші орыннан бесінші орынға төмендеді. Ал елдің екінші ракеткасы Юлия Путинцева алты позицияға төмендеп, қазір 70-орында тұр.

Талқылау