Өзбек примадонасы концертінен баласы бар әйелді қуып шықты
Өзбек әншісі Юлдуз Усманова концертінен баласы бар әйелді қуып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі CentralAsia порталына сілтеме жасап.
«Жылап тұрған балаңды ал да, кет, мына жерден кет ... Бұл менің жүйкемді жұқартты. Шығыңыз!»,- деп айқайлапты Юлдуз Усманова.
Бейнеге түсіп қалған оқиға әлеуметтік желілерде таралып, бұл жағдай Өзбекстандағы қолданушылар арасында резонанс туғызды. Көбісі әншіні «ол тағы да жұлдыз ауруына шалдыққан» деп айыптады. Басқалары әртістің әрекетін қолдап, «мұндай ата-аналардың кесірінен концерттерге бару мүмкін емес», деп атап өтті.
Жанжал Юлдуз Усманованың қызы Нилуфар Усманованың жаңа альбомының тұсаукесерінде болды.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді