Ыстықкөлдегі шипажайда 18 адам уланып қалып ауруханаға түсті
Ыстықкөл облысындағы шипажайда 18 адам уланып қалды. Олардың жетеуі шетелдік спортшылар екен.
Сурет: segodnya.ua
Бұл туралы Қырғызстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Мәлім болғандай, дүйсенбі күні уланып қалған 13 адам ауруханаға жатқызылған. Алайда түнде тағы 5 адам ауруханаға түсіпті.
«Зардап шегушілер арасында 11 қырғызстандық, 1 ирандық және Араб Әмірліктерінің 6 азаматы бар», – делінеді хабарламада.
Алдын ала болжам бойынша, зардап шегушілер тамақтан уланып қалған.
«Қазіргі уақытта анализ жасау үшін барлық үлгі алынды. Ауруханаға жатқызылған адамдардың жағдайы қалыпты», – дейді ведомстводағылар.
Оқи отырыңыз:
Ресейде қазақстандық ер адам банкомат жүйесін бұзып, миллион рубльден аса ақша ұрлап кеткен
Элиталы бала бақшаның тәрбиешісі ұйықтамай қойған бүлдіршінді кілтпен және тәпішкемен ұрған
Спортшы 1 минут ішінде 51 қарбызды басымен жарып, жаңа рекорд орнатты (видео)
«Тақтар ойынының» жұлдызы әлемдегі ең мықты адам ретінде мойындалды (фото)