Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ыстықкөлдегі Қазақстан пансионаттары Қырғызстан меншігіне өтуі мүмкін

Қазақстандық пансионаттарды Қырғызстан балансына көшіретін кез келді. Бұл жайлы экономика министрі Арзыбек Қожошев пікір білдірді.

post-428527-0-46139500-1374338608

Министр бұл мәселенің нақты қашан Үкіметтің күн тәртібіне қойылатынын айтпады. Әңгіме негізінен “Олимп” спорттық-сауықтыру базасы, Қорымды ауылындағы “Автомобилист” демалыс үйі, Бөстерідегі “Университет” сауықтыру лагері мен “Самал” демалыс орталығы және Шолпан-Атадағы “Қазақстан “санаториі туралы болып отыр.

Сондай-ақ, “Рохот”, “Дилором”, “Золотые пески”, “Бустон” пансионаттарын да 1992 жылдан бері Өзбекстан уақытша пайдаланып келген. Бұл төрт өзбекстандық пансионаттарды мемлекет қарауына алу туралы келісімге премьер-министр Темір Сариев 4 сәуір күні қол қойды.

Талқылау