Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұстаздар қарсы: Таразда мектеп директорын тағайындау дауға айналды

Таразда мектеп директорын тағайындау қып-қызыл дауға ұласты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Видеодан скрин 

Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясының ұстаздары білім басқармасының шешіміне наразылық танытуда. Айтуларынша, конкурста комиссия мүшелері бірқатар кемшіліктерге көз жұма қараған. Яғни, қамқоршылық кеңес лайықсыз деп тапқан кандидатты жауаптылар үздік деп өткізіп жіберген дейді.

“Біз қалалық, облыстық білім бөліміне жазбаша, ауызша түрде, бүгін Жамбыл облысы әкіміне кіріп шықтық. Енді осы кісілер біздің мәселемізді қолға алады деп ойлаймыз. Мұғалім ұстаздың үні бар дейді. Ұстаздың үнін еститін адам бар шығар.? Бізді қолдайтын адам бар шығар? Біз ерігіп, құрдан қол тұрған жоқпыз”, – дейді ағылшын пәнінің мұғалімі Рита Әкетаева. 



Мұңын айтқан мұғалімдер жаңа басшы қаладағы үздік мектепке кері әсер ете ме деп алаңдайды. Өйткені келетін кандидаттың бұрынғы қызметінде арыз-шағым аз айтылмапты. Бірақ бес үміткердің ішінен дәл осы директордың конкурстан өткеніне таңбыз дейді. Ал бас көтерген ұстаздардың алдына шыққан білім бөлімінің басшысымен ұжым арасындағы диалог ұрыспен өрбіді. Осылайша бір-бірімен ұрысып, сөзге келген тараптар ұзақ келісе алмады. Жауаптылар заң біз жақта дейді, көпшілік оған күмән келтірді. Ақыры комиссияның шешімін қайта қарауға уәде етуге мәжбүр болды.

“Сіздер маған уақыт беріңіздер. Ертең, бірсүгүні мен сол кісінің келгенін күтейін. Одан кейін комиссия мүшелерін қайтадан жинап. Мен шешімін көрейін. Не шешім қабылдағанын. Сосын сіздердің өтініштеріңізді жеткізейін”, – дейді Тараз қаласы білім бөлімінің басшысы Раушан Қожамжарова. 

Осылайша ұстаздардың ұсынысы ескерілетін болды. Нақты шешім екі күнде қабылданады. Ұстаздар ұжым ұнатпаған басшылықпен жұмыс істегілері келмейтінін ашық айтты. Ал, осы шуға себеп болған директордың өзі сұхбат беруден бас тартқан.

Еске салсақ, бұған дейін Жетісу облысы білім басқармасының басшысы өзінің туған әпкесін мектеп директоры етіп тағайындағаны туралы жазған едік.

Талқылау