Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық әнші сүйіктісіне қорқынышты пранк жасап, артынша тұрмысқа шығуға ұсыныс айтты

Өткен жылдың жазында Витебскідегі «Славян базары» байқауына қатысып келген Бексұлтан Кенішқалиев шаңырақ көтерді. Жас әнші пранк жасап, артынша сүйіктісіне ұсыныс білдірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Время газетіне сілтеме жасап.

"Славян базары" байқауына Хансұлтан деген атпен қатысқан әнші болашақта үйленбейтінін, уақытын шығармашылығына арнайтынын айтқан еді.

"Тек жұмыс жасаймын, жаңа биіктерге ұмтыламын!" - деген еді үшінші орынға көңілі толмаған әнші.

Шынында да, осыдан бір жыл бұрын ол Литвада өткен «Паланга-2019» халықаралық музыкалық байқауында бас жүлдені иеленді. Өзінің ерекше дауысы үшін Хансұлтан деген атқа ие болды.

Күні кеше Кенішқалиевтің талантын сүйетіндер оны шығармашылықтағы жаңа жетістіктерімен емес, отбасы құруымен құттықтады.

Әншінің қалыңдығы Талдықорған қаласының тумасы. Қалыңдықтың туған жерінде қыз ұзату рәсімі өтті. 25 жастағы әнші таңдаулысымен екі жыл бұрын әншінің альбомының тұсаукесері кезінде кездесті.



Мөлдір Сейдалиева Бексұлтаннан бес жас кіші. Ол - Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті.

"Менің әйелімнің болашақ мамандығы - көпшілік іс-шаралардың қоюшы-режиссері. Ол менің концерттерімді ұйымдастырады", - деп күледі Хансұлтан.

Мөлдірге үйлену туралы ұсыныс жасамас бұрын, болашақ күйеу жігіт әзіл ойын ұйымдастырды.

"Мен Мөлдірді қазір жастар арасында сәнге айналған "Махаббат хикаясын" түсіру үшін мейрамханаға шақырдым. Осы түсірілім кезінде келесі үстелде отырған жігіттер арасында жанжал бастады. Сценарий бойынша жігіттермен ерегесе бастадым. Ақырында сыртқа шығып, ер азаматтарша мәселені шешпек болдық. Бірнеше минуттан кейін біреуі Мөлдірге жақындап, жедел түрде көшеге шығуын өтінді. Менің төбелесте қатты соққыға жығылып, қансырап жатқанымды айтты. Қатты қорыққан Мөлдір сыртқа шыққанда мен оны гүлмен күтіп тұрдым", - деді Бексұлтан.

Әнші "маған тұрмысқа шық" деп көңілін білдіріп, сақинасын ұсынды. Қалыңдығы оның сөзін қабыл алды.

Талқылау