Ұшақ пилоты рейс кезінде инфаркт алған: Жолаушы әйел ұшақты өз бетінше қондырды
Францияда "Dragonfly" туристік ұшағының жолаушысы қайғылы оқиғаның алдын алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ұшқыш есін жоғалтқаннан кейін әйел ұшақты басқаруды қолға алып, тұрғын үйлердің үстіне құлап кетуіне жол бермеген. Нәтижесінде ұшақ батпақты аймаққа қонған.
Ouest-France газетінің хабарлауынша, тәжірибелі ұшқыш 30 минуттық ұшудан кейін жүрек талмасына ұшыраған.
Ол кезде олар Францияның солтүстік-батысындағы Плуинек коммунасының үстінен ұшып бара жатқан. Жолаушы әйел жеңіл екі орындық ұшақты басқарып үлгерді. Соңғы сәтте олар соқтығысудан аман қалды. Ұшқыш қайтыс болды, ал әйелді құтқарушылар Лорьен қаласындағы ауруханаға жеткізді.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн