Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық бала асырап алып, кейін оны өлтіріп жәрдемақысын алып отырған

Ақмола облысында асырап алған баланы ұрып өлтіріп, мәйітін аулаға көміп тастаған өгей әжеге сот үкімі шықты. Мерт болғаннан кейін мемлекеттен жәрдемақы алып отырған ана да сотқа тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Видеодан скриншот

Щучье курорттық қаласында көпбалалы отбасында бала өлімі болды. 8 жыл бұрын әйел бірден бес науқас жетім баланы асырап алған. Оларды әйел зейнеткер анасымен бірге өсірді.

Бір күні асыранды ұлдардың бірі бас жарақатымен ауруханаға түскен. Бірақ өгей ана оны ауруханаға басқа баланың құжатымен жатқызған. Сөйтсе ол туу туралы куәлікті шатастырып алыпты. Сонда полицейлер туу туралы куәліктің нағыз иесін іздей бастады. Олар оның денесін тапты.



Баланың денесі үйдің ауласында жерленген. Сот әже баланы темір затпен ұрып өлтіргенін анықтады. Осы уақыт ішінде әйел патронаттық тәрбиеші ретінде барлық төлемді алып отырды. Кейін бала мерт болса да, жалған құжаттар арқылы оны толық асырап алып, миллион теңге алған.

65 жастағы сотталушы өз кінәсін мойындады. Ал 30 жастағы өгей ана балаға зорлық-зомбылық көрсету, алаяқтық және құжаттарды қолдан жасағаны үшін сотталған.

“Надежда Кухарды 21 жылға, Трофимованы 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Кәмелетке толмаған Трофимовтың сүйегі жерленген жерде қалдырылады”, – деп мәлімдеді судья Дархан Бейісов.

Талқылау