Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұрып, қорқытқан": Алматы облысындағы балабақшада тәрбиешінің қатыгездігі видеоға түсіп қалды (видео)

Алматы облысындағы балабақшалардың бірінде тәрбиеші балаларға қатыгездікпен қараған. Желіде балабақшадағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған видео тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Желіде тараған видеодағы мәліметке сәйкес, оқиға Байсерке аулындағы «Ниет-ай» балабақшасында орын алған. 

«Кіші топ. Балаларға күш көрсетіп, қатыгездікпен қараған. Жекелей алғанда, ұрып, қорқытқан. Құзырлы органдардан назар аударуын сұраймын. Адамдар, балаларыңызды қорғаңыздар», - делінеді жазбада. 

 

Оқиғаға қатысты Алматы облыстық әкімдігінен жауап алып көрдік. Әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер оқиғаның Байсерке аулындағы балабақшада орын алғанын растап, аталған дерек бойынша қызметтік тексеріс басталғанын мәлімдеді. 

«Қазіргі уақытта аудандық комиссия құрылды. Оның құрамында әкімдік, білім бөлімі және басқа да мүдделі органдардың қызметкерлері бар. Видеожазбалар алынды. Балабақшаның меңгерушісі мен жұмыс ауысымында болған қызметкерлерден түсініктеме алынып жатыр. Тексеріс жүргізілуде. Ата-аналармен жұмыс жүргізілуде. Тексеріс нәтижесіне сәйкес тиісті шаралар қабылданады», - дейді Алматы облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы Ғалыммұрат Жүкел.  

Талқылау