Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Блогер ресейлік мотоциклшіге жасалған шабуылды "қалыпты әрекет" деп атаған: Оған қылмыстық іс қозғалды

Алматыда ресейлік мотоциклшіге жасалған шабуылды “қалыпты әрекет” деп атаған блогер Әділжан Әбдіғали ұсталып, оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фотода Әділжан Әбдіғали

Жамбыл облысында жанар-жағармай құю бекетінде болған жағдай Қазақстанда да, шетелде де үлкен резонанс тудырды.

Бұл оқиғаға алматылық блогер Әділжан Әбдіғали де пікір білдірген.

“Ресейден келген мотоциклші туралы пікір білдіруімді сұрадыңдар. Бұл – дұрыс, қалыпты әрекет. Сендер Еуропада, егер аяғы жеткен болса, басқа елдерде ресейліктер қандай жағдайға тап болып жатқанын білмейсіңдер. Олар көптен бері барлық жерде қуғын-сүргінге, барлық жерде езгіге ұшыраған. Лаңкес-агрессор мемлекеттік барлық айырым белгісімен Қазақстанға келіп жүрген ол да мықты екен. Сонда не күтіпті? Өздеріңнің балшықтарыңда отыра беріңдер, жігіттер. Бұл соғыстарсыз-ақ, шешен, грузин соғысынсыз-ақ, сириялықтарға, шешендер мен украиналықтарға жасаған геноцидтеріңсіз-ақ, былайша айтқанда, қарым-қатынас шиеленіскен еді. Сондықтан мен үшін бұл қалыпты әрекет”, – деген ол.

Бұл мәлімдеме полицейлердің назарынан тыс қалмады.

Алматы қалалық полиция департаменті әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында ұлтаралық араздықты қоздыру белгілері бар жазбаны анықтады. Қала тұрғыны, азамат А.А., болжам бойынша, Алматы қаласында тұрғылықты жерінен өзінің YouTube парақшасында "адамдарды саяси пікіріне байланысты бауыздау қалыпты әрекет" деген мазмұнда бейнежазба жариялаған”, – деп хабарлады полиция өкілдері.

Полицейлердің мәлімдеуінше, бейнежазба әлеуметтік желілерде тез таралып, желі қолданушыларының назарылығын тудырған. Қолданушылар мұндай мәлімдемелер зорлық-зомбылыққа шақырып, ұлтаралық келісімге қауіп төндіретінін атап өткен.

"Алматы қалалық полиция департаментінің тергеу басқармасы Қылмыстық кодекстің 174-бабы, яғни әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни араздықты қоздыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Бейнежазба авторы анықталып, қажет процессуалдық әрекеттер жүргізу үшін полицияға жеткізілді", - делінген полиция хабарламасында.

Полиция өкілдері алауыздық тудыруы мүмкін деструктивті контентті таратуға заңмен қатаң тыйым салынғанын ескертіп, ел тұрғындарын мәлімдемелеріне жауапкершілікпен қарауға және этикалық және құқықтық нормаларды сақтауға шақырды.

Еске салсақ, 13 сәуірде Жамбыл облысындағы жанар-жағармай құю бекеттерінің бірінде ресейлік байкер мен Алматы тұрғыны өзара сөзге келіп, салдарынан байкер пышақ жарақатын алған еді. Ресейлік азамат "оң жақ кеуде тұсы мен бел тұсынан пышақталған жарақат" диагнозымен ауруханаға жеткізілген. Шабуыл жасаған ер адам ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бұл жағдай Қазақстанда да, шетелде де үлкен резонанс тудырды. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов істі жеке бақылауына алатынын мәлімдеді.

Талқылау