YouTube пен TikTok желілері арқылы табыс табатын қазақстандықтар төлейтін салық мөлшері қанша – Қаржы министрі жауап берді
Фото: Getty Images / NurPhoto
Қаржы министрі Мәди Такиев YouTube пен TikTok желілерінде ақшалай сыйақы алатын қазақстандықтар төлеуі тиіс салық мөлшерін атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тақиев YouTube және TikTok арқылы табыс табатын қазақстандықтар табысы туралы қалай есеп беретінін түсіндірді. Министрдің сөзінше, Қазақстанда интернет-платформасы бар 179 компания тіркелген.
"Жеке тұлғалар ақшалай сыйақы алатын YouTube, TikTok, Facebook компаниялары бізге табыс туралы ақпарат береді. Бұл бізге тексеру үшін қажет. Жалпы, жеке тұлға декларацияны өз бетінше тапсыруы керек. Ұсынбаған жағдайда түскен кірісті көреміз, ескертеміз, декларация тапсыру керегі туралы хабарлама жібереміз", – деді Такиев.
YouTube, TikTok, Facebook платформаларында сыйақы алатындар үшін салық 10% болады екен.
Бұған дейін 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап YouTube, Instagram, TikTok әлеуметтік желілері арқылы ақшалай сыйақы алатын жеке тұлғалар салық төлейтіні хабарланған еді.

"Металлургияға 50 балмен түсуге болады": Биыл қазақстандық талапкерлер қанша балмен грант иесі атанды
