AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық статистика бюросы қазақстандықтардың орташа жалақысын атады

Қазақстанда бір қызметкердің орташа айлық жалақысы мөлшері жаңарды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

теңге

"2022 жылдың бірінші тоқсанында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 285 433 теңге болды. 2021 жылдың осы тоқсанымен салыстырғанда өсім – 23,7 пайыз, нақты мәнде 12,7 пайыз", – делінген хабарламада.

Ведомсвто мәліметінше, өңірлер бойынша ең жоғары орташа айлық жалақы Атырау облысында – 477,9 мың теңге. Солтүстік Қазақстан облысында – 203,4 мың теңге, бұл орташа республикалық деңгейден 28,7 пайызға төмен.



"Бюро қолданатын орташа айлық жалақыны есептеу әдісі Халықаралық еңбек ұйымының стандарттары мен әдістемесіне сәйкес келеді. Орташа айлық жалақы туралы деректер кәсіпорындардың тоқсан сайынғы статистикалық есебі негізінде есептеледі. Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы қосымша төлемдерді, үстемеақыларды, сыйлықақыларды, сондай-ақ салықтар мен басқа да аударымдарды ескере отырып қаралады", – деді Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы департаментінің директоры Наталья Белоносова.

Еске салайық, 2021 жылдың ақпанында Қазақстанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 223 213 теңге болған еді.

Айта кетейік, бұған дейін халықаралық сарапшылар зерттеу жүргізіп, миллион доллар табу үшін қазақстандықтарға қанша жыл жұмыс істеу керегін хабарлаған еді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр